З. Г. Жокушева экологиялық мониторинг



бет51/77
Дата02.02.2022
өлшемі434,5 Kb.
#117018
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77
Байланысты:
ekologiyaly monitoring

Сабақтың жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы

Топырақтағы мысты анықтау

Топырақта мыстың мөлшері шамамен 15-20 мг/кг болып кездеседі. Мыс және оның қосылыстары топырақтағы микрофлора, судағы флора мен фауна өкілдері және жылы қанды организмдер мен адам организмі үшін улы болып саналады. Мыс және оның қосылыстары қоршаған ортаға түсті металлургия өндірісі, транспорт, тыңайтқыштар мен пестицидтер арқылы, көміртекті отындардың жануы, металлдарды балқыту мен гальванизация процестері кезінде түседі. Мыс және оның қосылыстарын анықтаудың ең кең таралған әдісі қорғасын диэтилдитиокарбонат арқылы экстракциялау әдісі болып табылады. Мысты анықтау диэтилдитиокарбонатпен әрекеттесу нәтижесінде органикалық еріткіштерде еритін Сu.+ түсті комплексті ионының түзілуіне негізделген. Бұл реагент түсті комплексті иондарды тек қана мыспен емес, сонымен қатар басқа да элементтермен түзе алады, сондықтан анализ дәл болуы үшін, реакция ортасы (рН) қатаң сақтау қажет. Реакция сілтілік ортада жүреді, бұндай жағдайда мыспен тұнбаға түсетін бірнеше элементтер гидроксиді түзілуі мүмкін, сондықтан анализде хлорлы көміртектегі (ССІ4) қорғасынның диэтилдитиокарбонат ерітіндісі қолданылады. Түзілген мыстың комплексін лимон қышқылының аниондары қатысында хлороформда ерітеді. Бұл кезде темір, мырыш, марганец, т.б. элементтер гидроксидтері сулы фаза күйінде қалады.

Жұмыстың барысы:

Бөлгіш воронкаға 10-25 мл топырақ сіріндісін құйып, 5 мл 5 % лимон қышқылды аммоний құяды да фенолфталеин арқылы алқызыл түске дейін сұйылтылған аммиакпен бейтараптайды. Одан соң воронкаға бюреткадан 15 мл төртхлорлы көміртектегі қорғасын диэтилдитиокарбонатын құйып 2 мин шайқайды. Фазаларға бөлінген соң қоңыр түсті ССІ4 төменгі қабатын тығынды пробиркаға немесе фотоколориметрдің 2 см-лік кюветасына фильтрлейді. Фильтраттың оптикалық тығыздығын 436 нм- де (көк түсті светофильтрде) анықтайды. Стандартты ерітінділердің шкаласын да осы әдіспен дайындайды. Үлгідегі мыстың мөлшерін калибрлік график арқылы анықтап, одан тәжірибедегі бос үлгінің мөлшерін алып тастайды. Мыстың мөлшерін төмендегі формула бойынша есептейді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет