З. Г. Жокушева экологиялық мониторинг



бет63/77
Дата02.02.2022
өлшемі434,5 Kb.
#117018
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77
Байланысты:
ekologiyaly monitoring

Сабақтың жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы

Көкөністердің құрамындағы нитраттар мөлшерін анықтау

Пенициллин шыныларының біріне, көкөністегі нитраттардың концентрациясының максимальды мөлшері (кесте бойынша)-3000 мг/кг сәйкес келетін NаNО3 ерітіндісінен 10 мл құяды. Ескерте кететін жағдай, өсімдіктердің кейбір жекелеген мүшелерінде нитрат концентрациясы жоғары болады. Калибрлі ерітінділердің сериясын, бұрынғы ерітіндіні жартылай сұйылту арқылы (мысалы, 3 мл бастапқы ерітіндіге 3 мл дистильденген су құйып, шайқайды және т.б.), даярлайды. Құрамында әртүрлі мөлшерде нитраттары бар ерітінділер алынады: 3000, 1500, 750, 375, 188, 94, 47, 23 мг/кг. Заттық шынының астына ақ қағаз қойып, әйнек бетіне 2 тамшы зерттелетін ерітінді және 2 тамшы дифениламин тамызып, үш рет қайталайды. Калибрлі ерітінді үшін де, анализдің екі типі үшін де қолдануға болатын төмендегі градацияға сәйкес реакцияны сипаттайды. (Церлинг бойынша,1965). балл Түсінің сипаттамасы Нитрат мөлшері,мг/кг

6 Сөл немесе кесінді қанық қара түске тез боялады. Бояуы тұрақты және тез жойылмайды. >3000

5 Сөл немесе кесінді қаракөк түске боялады. Бояуы біраз уақытқа дейін 3000 50 сақталады.

4 Сөл немесе кесінді көк түске тез боялады. Бояу бірден пайда болмайды. 1000

3 Бояуы ашық көк түсті, 2-3 минуттан кейін жойылады. 500

2 Бояуы тез жойылады, ең бастысы өткізгіш желілері ғана боялады. 250

1 Бояуы көгілдір із қалдырып, тез жойылады. 100

0 Көгілдір түске де, көк түске де боялмайды. Бүтін өсімдік қызғылт тартуы мүмкін.0

Көкөністерді бөлшектейді: қабығы, сыртқы қабаты, ортаңғы бөлігі, көсеу сабағы (қырыққабатта), желілері, желісіз жапырағы. Кесілген бөліктерін пышақпен ұсақтап турап, келіге тез ұнтайды, сөлін 2-3 қабат дәкеге салып, сығады. 2 тамшы сөлді, ақ қағаздың үстіне қойылған таза заттық шыныға тамызып, үстіне 2 тамшы дифениламин қосады. Кесте бойынша байқалған барлық құбылыстарды тез жазып отырады. Тәжірибені 3 рет қайталайды. Көкөніс бөліктерінің құрамында нитраттың бар екендігіне сенбестік болған жағдайда, қасына белгілі бір концентрациядағы калибрлік ерітіндіні тамызады және дифениламинмен реакцияны қайталайды. Анализ картоп пен қырыққабаттың сөлінен басталады. Сонан соң бұл көкөністерді қайнап жатырған суы бар отқа төзімді химиялық стақанға салып, 10-15 минут қайнатады.Одан кейін піскен көкөністі және оның сорпасына анализ жүргізеді. Қайнатып жатырған уақытта басқа көкөністердің бөліктеріне анализ жүргізе береді.Нәтижесін дәптерге жазады. Әр түрлі көкөністер құрамындағы нитраттардың мөлшері Зерттелетін өсімдіктер. Бөлігі Балл саны Нитрат мөлшері,мг/кг

Картоп а) қабық асты б) орта бөлігі

Пісірілген картоп а) қабық асты б) орта бөлігі

Қырыққабат а) желілері б) көсеусабақ в) жапырақ

Піскен қырыққабат а) желілері б) көсеусабақ в) жапырақ

Сорпасы


Б. Нитраттарды бүтін өсімдіктерде анықтау

Өсімдіктердің бөліктерін қалың етіп турайды: сабағы, жемісінің кесінділері. Тегіс ақшыл сұр қағазға салады. Кесіндінің әртүрлі бөлігіне күкірт қышқылындағы 1 % - тік дифениламин ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызады да, жоғарда келтірілген шкалаға сәйкес боялуын белгілейді. Бұл жағдайда тағамдағы нитраттардың мөлшері аз немесе мүлде жоқ болған жағдайда ұлпалар қызғылт тарта бастайды, нәтижесінде дифениламин реактивіндегі күкірт қышқылының әсерінен қарая бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет