З. Н салимбаева, Ж. К. Ракижанова, кеуекті толықтырғыштардың технологиясы 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру»



бет1/15
Дата18.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#163174
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
кеуекті толықтырғыштар технологиясы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті


З.Н Салимбаева, Ж.К. Ракижанова,

КЕУЕКТІ ТОЛЫҚТЫРҒЫШТАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру» мамандығының студенттеріне зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Өскемен
2011


УДК 666.97
В.Н.Ермоленко Кеуекті толықтырғыштардың технологиясы. 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру» мамандығының күндізгі және сырттай бөлімінің студенттеріне зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. / З.Н. Салимбаева., Ракижанова Ж.К. ШҚМТУ . Өскемен, 2011, - 27бет.

Әдістемелік нұсқауларда зертханалық жұмыстар мен тапсырмаларды орындауға қажетті теориялық материалдар берілген.


Сәулет-құрылыс факультетінің әдістемелік кеңесінде бекітілді.
Хаттама №2, 20.10.2010 ж.



02.06.04 ж. №0000067 бас. Лиц.
Шартты баспа табағы 1,05
Есептік баспа табағы 1,25

Басуга 12.05.2011 ж. Қол қолылды.
Таралымы 15.
Тапсырыс № 694*11.

Пішімі 60х84/16
Бағасы келісімді

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазахстан мемлекеттік техникалық университеті 070010, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19
МАЗМҰНЫ

  1. Жалпы сипаттама 4

  2. Үлгіні іріктеу 5

  3. Кеуекті толтырғыштарды сынау әдісін қолдану 9

  4. Зертханалық жұмыс «Үйінді тығыздығын анықтау» 10

  5. Зертханалық жұмыс «Кесек толтырғыш түйінінің орташа тығыздығын анықтау» 12

  6. Зертханалық жұмыс «Нақты тығыздығын анықтау» 14

  7. Зертханалық жұмыс «Кварцты құмдағы қиыршық тас түйіршігінің орташа тығыздығын анықтау» 16

  8. Зертханалық жұмыс «Кесек толықтырғыштың су жұтқыштығын

анықтау» 17

  1. Зертханалық жұмыс «Түйіршіктік құрамын анықтау» 18

  2. Зертханалық жұмыс «Операциялық бақылауда керамзитті қоспаның түйіршікті құрамын анықтау» 19

  3. Зертханалық жұмыс «Кесек толықтырғыш түйіршіктерінің формасының коэффициентін анықтау» 20

  4. Зертханалық жұмыс «Цилиндрде қысу арқылы толықтырғыш беріктігін анықтау» 22

  5. Зертханалық жұмыс «Шаншығанда салмақтың жоғалтуын анықтау» 24

  6. Зертханалық жұмыс «Кесек толықтырғыштың жұмсарту коэффициентін анықтау» 25

  7. Зертханалық жұмыс «Құмның су қажеттілігін анықтау» 26

  8. Зертханалық жұмыс «Парафиндау арқылы кесек толықтырғыштың жылу өткізгіштігін анықтау» 27

1 ЖАЛПЫ СИПАТТАМА


Жеке сынақтарды өткізу қажеттілігі стандарттармен немесе техникалық талаптармен, сонымен қатар толтырғыштың нақты бір түріне арналған нормативті-техникалық документациялармен орнатылады. Сынақтың әр түрінің қолдану аясы бөлім 3-те көрсетілген.


Алынған тау жынысының сығуға шыдамдылық шегін ГОСТ 8269-87 бойынша, төгудегі толтырғыштың жылу өткізгіштігін ГОСТ 7076-87 бойынша анықтау қажет.
Толықтырғыш үлгілерін 0,1% қателікпен өлшейді. Үлгілерді ГОСТ 16.0.801.397-87 бойынша көрсетілген температурасы 250°С-та кептіргіш шкафта тұрақты масса болғанша кептіреді. Екі өлшенген массаның арасындағы айырмашылығы үлгінің 0,1%-на тең болғанша өлшенеді. Екі өлшеудің арасы 3 сағаттан кем болмау керек.
Сынақ нәтижесі үтірден кейін екі санды дәлдікпен есептеліп алынады. Сынақ шешімі ретінде параллель алынған шешімдердің арифметикалық ортасын алады. Бөлек анықтамалардың айырмашылығы сәйкес алынған әдіске үйлесіп, бірақ осы анықтамалардың орташа мәнінің ±5%-нан артық болмауы керек.
Толықтырғыш сыналатын бөлменің температурасы 25±10°С болуы керек. Сынақ өткізер алдында толықтырғыш пен судың температурасы бөлмедегі ауа температурасына сәйкес болуы қажет.
Толықтырғыштың дәндік құрамын (гранулометриялық анализ) анықтау үшін диаметрі 500мм-ден кем емес металикалық немесе ағаш цилиндрлі рамкадағы немесе қабырғасы 300мм квадрат рамкадағы жинақтар қолданылады.
Стандартты елеуіш жинағы кесек толықтырғыштар үшін тесігінің диаметрі 5,10,20,40мм, ГОСТ 6613-86 бойынша құм үшін тесігінің диаметрі 5мм елеуіш және квадратты тесіктері 2,5;1,25;0,63;0,16 болатын торлардан тұрады.
Сынақты өткізуге ГОСТ 2874-82 және ГОСТ 23732-79 бойынша су алынады.

2 ҮЛГІНІ ІРІКТЕУ


Өндіріс-дайындаушы және өндіріс-қолданушыларда кеуекті толықтырғыштарды сынау үшін таңбалы үлгілер алынады.


Өндіріс-дайындаушыда сыналған толықтырғыштардың сапасын тексеру үшін технологиялық желінің әр сағатында таңбалы үлгілер қайтарылып отырады. Өнімді тасымалдайтын конвейерлерден таңбалы үлгіні таңдау материал ағысының бүкіл енін қиып өту жолымен немесе үлгі таңдау құралы, болмаса қолмен материалды төгу жерінде жүзеге асады. Үлгіні іріктеудегі нүктелердің орналасуы сурет 1-де бейнеленген. Қолмен іріктегенде техника қауіпсіздігін сақтаған жөн.

Сурет 1 – үлгіні іріктеудегі нүктелердің орналасуы

Қоймада сапасын тексеруде таңбалы үлгілерді сорттайды:



  • силостан – транспорттық құралға түсетін материал ағынының қиылысу жолымен;

  • конустан – күрекшемен қазылған қуыс тереңдігі 0,2-0,4м болатын қойма беткейінде біркелкі орналасқан орнымен. Қуыстар бір-бірінен 10м-ден көп емес, шахмат тәрізді түрде орналасу қажет.

Түсірілетін қиыршық тас, ұсақ тас және құмның сапасын анықтағанда таңбалы үлгілерді тексеру партиясы бойынша сорттайды:

  • темір жолды вагоннан түсіргенде – толықтырғыштарды қоймаға тасымалдауға арналған ленталы конвейерлерден алынған материал ағынынан немесе вагонның төрт бұрышынан және орталығынан;

  • кемеден түсіргенде – үзіліссіз транспорттарды қолданып, ленталы конвейерлерден бірдей уақыт интервалында немесе кемені грейферлі крандармен босатқанда;

  • әрбір автокөліктен түсіргенде – бір таңбалы үлгі. Тексерілетін автокөліктер саны тасымалданатын партия мөлшеріне сай болу керек.

Таңбалы үлгінің көлемі қиыршық тас, ұсақ тас және құмның мөлшеріне байланысты 2-15л аралығында болу керек.
Сынақтан кейін таңбалы үлгілерді біріктіреді. Біріктірілген үлгілерді мұқият араластырып, зертханалық үлгіге дейін қысқартады.
Кварттау әдісімен үлгіні қолмен қысқарту 1000*1000 немесе 1000*2000мм қаңылтыр табада жургізіледі. Кварттауды айқастырылған табан ағашпен жасауға ұсынылады (сурет 2).

Сурет 2 – Айқастырылған табан ағаш

Кварттау әдісімен зертханалық үлгімен жасалған әр сынаққа аналитикалық үлгіні дайындайды. Сынақ әдәсәне байланысты аналитикалық үлгіден ілмек алынады. Әр сынақ үшін үлгінің көлемі төменде көрсетілген кесте 1-ден кем болмауы тиіс.


Лотокты қысқартқыш 3-ші суретте бейнеленген.





Сурет 3 – Лотокты қысқартқыш


Кесте 1 – Сынаққа алынған үлгінің көлемі (литр бойынша)

Сынақта анықталатын


толықтырыш
қасиетінің атауы

Сынақ жүргізуге алынған үлгінің көлемі(л), толықтырғыш фракциясының өлшемі болғанда,мм:

0-5

5-10

10-20

20-40

Үйінді тығыздық

5

10

20

40

Орташа тығыздық

-

3

3

3

Шынайы тығыздық

1

1

1

1

Кварцы құмдағы қиыршық тас түйіршігінің орташа тығыздығы

-

1

1

1

Цементті қамырдағы толықтырғыш түйіршігінің орташа тығыздығы

2

7

7

7

Құм түйіршігінің орташа тығыздығы

1

-

-

-

Үйіндідегі толықтырғыштың жылу өткізгіштігі

5

12

12

12

Кесек толықтырғыш түйіршігінің жылу өткізгіштігі

5

12

12

12

Толықтырғыштағы шыныфазаның мөлшері

0,5

0,5

0,5

0,5

Ылғалдылық

2

3

3

3

Кесек толықтырғыштың су жұтқыштығы

-

2

3

5

Түйіршікті құрам

2

5

10

20

Кесек толықтырғыш түйіршігі формасының коэффициенті

-

1

2

4

Қиыршық тастағы уатылған түйіршіктің мөлшері

-

1

2

4

Куппеген бөлшектердің мөлшері

1

-

-

-

Бөтен тау жыныстары түйіршіктерінің мөлшері

-

10

10

10

Цилиндрде нығыздалған толықтырғыштар мықтылығы

6

6

6

6

Бетондағы кесек толықтырғыштың маркалы мықтылығы

-

20

20

20

Бетонға толықтырғыштың жарамдылығы

30

20

20

20

Кесек толықтырғыштың суыққа төзімділігі

-

2

2

4

Күкірт қышқыл натрий ерітіндісіндегі кесек толықтырғыштың суыққа төзімділігі

-

2

2

4

Силикатты ыдырауға қарсы кесек толықтырғыштың тұрақтылығы

-

2

2

4

Темірлі ыдырауға қарсы кесек толықтырғыштың тұрақтылығы

-

2

2

4

Қайнатқандағы кесек толықтырғыштың салмақ жоғалтуы

-

2

2

4

Құмдағы нашар күйдірілген түйіршіктерлің мөлшері

1

-

-

-

Суда ерігіш күкірт және күкіртті қышқылдардың қоспасы

2

2

2

2

Шаншып тескендегі салмақтың жоғалтуы

2

2

2

2

Кесек толықтырғыштың жұмсартқыш коэффициенті

-

12

12

12

Құмның суға мұқтаждығы

1

-

-

-

Қабылдау бақылауымен қарастырылған периодикалық сынақтарды өткізгенде, сонымен қатар кіріс бақылауында зертханалық үлгінің массасы қарастырылған сынақтардың барлығының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Егер алдыңғы сынақтарда толықтырғыш қасиеті өзгермесе, бір үлгіні бірнеше сынақтарға қолдануға болады. Өндіріс-дайындаушыда қабылдау бақылауында зертханалық үлгінің көлемі кем болмауы керек:
5л – толықтырғыш үшін түйіршігінің өлшемі ең үлкені 5мм;
10л – » » » » » 10мм;
20л – » » » » » 20мм;
40л – » » » » » 40мм.
Мамандандырылған зертханаларда сыналатын әрбір зертханалық үлгіні немесе арбитраждық сынаққа іріктеу актын құрайды. Іріктеу актына материал атауы, үлгіні іріктеудің орны мен уақыты, өндіріс-дайындаушының атауы, үлгінің белгіленуі және үлгіні іріктейтін комиссия құрамы. Іріктелінген үлгілерді материалдың салмағы мен қасиеті сынаққа жіберілгенше өзгермейтіндей қаптайды.
Әрбір үлгіні үлгінің атауы бар этикеткамен жабдықтайды, біреуін қаптаманың ішіне салады, екіншісін қаптаманың көрінетін жеріне жабыстырады. Үлгілерді жоғалту мен кірлеуден қорғайтын жағдайларда тасымалдайды.

3 КЕУЕКТІ ТОЛЫҚТЫРҒЫШТАРДЫ СЫНАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ


Кесте 2 – Сынау әдісін қолдану





Сынақтың атауы



Өндіріс-дайындаушыда толықтырғыш сапасын бақылау

Толықтырғыштың сапасын анықтау

Күнделікті н/се партия бойынша

Периодты

Геологиялық барлауда

Өндіріс- қабылдаушыда

1

Үйінді тығыздығын анықтау

+



+

+

2

Кесек толықтырғыш түйіршігінің орташа тығыздығын анықтау





+

+

3

Нағыз тығыздығын анықтау





+

+

4

Кварцты құмдағы қиыршық тас түйіршігінің орташа тығыздығын анықтау





+



5

Цементті қамырдағы толықтырғыш түйіршігінің орташа тығыздығын анықтау





+

+

6

Құмдағы түйіршіктің орташа тығыздығын анықтау





+



7

Толықтырғыш түйіршігінің арасындағы кеуектілік пен қуыстың орташа тығыздығын анықтау







+

8

Төккендегі толықтырғыштың жылу өткізгіштігін анықтау



+

+

+

9

Кесек толықтырғыш түйіршігінің орташа тығыздығын анықтау





+

+

10

Толықтырғыштағы шыны фаза құрамын анықтау





+

+

11

Ылғалдылықты анықтау



+



+

12

Кесек толықтырғыштың су жұтқыштығын анықтау



+

+

+

13

Түйіршіктік құрамын анықтау

+



+

+

14

Операциялық бақылаудағы керамзитті қоспаның түйіршікті құрамын анықтау

+







15

Кесек толықтырғыш түйіршігі формасының коэффициентін анықтау



+

+

+

16

Қиыршық тастағы сындырылған түйіршіктің құрамын анықтау



+

+

+

17

Перлитті құмдағы күбілмеген түйіршіктің құрамын анықтау



+

+

+

18

Бөтен тау жыныстары түйіршігінің құрамын анықтау



+

+

+

19

Цилиндрде қысу арқылы толықтырғыштың беріктілігін анықтау

+



+

+

20

Бетондағы кесек толықтырғыштың маркалы беріктілігін анықтау





+

+

21

Бетонда сынау арқылы табиғи кеуекті толықтырғыштардың жарамдылығын анықтау





+

+

22

Кесек толықтырғыштың суыққа төзімділігін анықтау



+

+

+

23

Күкіртті қышқыл натрий ерітіндісіндегі кесек толықтырғыштың суыққа төзімділігін анықтау



+

+

+

24

Силикатты ыдырауға қарсы кесек толықтырғыштың тұрақтылығын анықтау



+

+

+

25

Темірлі ыдырауға қарсы кесек толықтырғыштың тұрақтылығын анықтау



+

+

+

26

Қыздырғандағы кесек толықтырғыштың салмағының жоғалтуын анықтау



+

+

+

27

Құмдағы нашар күйдірілген бөлшектердің құрамын анықтау



+

+

+

28

Суда ерігіш күкірт және күкіртті қышқыл ерітінділерінің қосылыстарының құрамын анықтау



+

+

+

29

Шаншығандағы салмақтың жоғалтуын анықтау



+

+

+

30

Кесек толықтырғыштың жұмсартқыш коэффициентін анықтау



+

+

+

31

Құмның су қажеттілігін анықтау







+

32

Кесек толықтырғыштардың үйінді тығыздығы мен беріктігі көрсеткіштерінің біркелкілік бақылауы



+





33

Парафиндеу арқылы кесек толықтырғыштың жылу өткізгіштігін анықтау





+

+

Ескерту: сынақты белгілеуіне байланысты «+» таңбасымен белгіленген әдістер қолданылады.
4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
«ҮЙІНДІ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет