З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы


Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік



Pdf көрінісі
бет60/84
Дата03.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#167355
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84
Байланысты:
З.С.Алканова

Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік
-
психологиялық климат
.
Ұжымдағы көңіл
-
күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш
-
қуат пен өзара 
қатынастың деңгейі ондағы қалыптасқан əлеуметтік
-
психологиялық 
климатпен айқындалады. «Психологиялық климат», «əлеуметтік
-
психологиялық климат» немесе «микроклимат» ұғымдары ғылыми емес, 
астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай 
əлеуметтік
-
психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда 
өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық жəне кəсіптік қатынастарда өзін жан
-
жақты таныта алуын білдіреді. 
Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмұндық сипатын адамдардың 
өзара қарым
-
қатынасы, олардың көңіл
-
күйі, хал
-
жағдайы, бірлесе атқарған 
жұмыс процесіне көңілі толуын айқындайтын болғандықтан психологиялық 
климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды əлеуметтік
-
психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы 
моральдық
-
психологиялық ауа
-
райымен, жылы шырайлылықпен, парыз бен 
жауапкершілікті құрметтеумен
,
өзара талапшылдықпен, сергектікпен 
ерекшеленеді. Сондықтан А.С.Макаренко ұжымдық өзара қатынастағы 
сергек көңілді екпінге баса мəн берген.
Әлеуметтік
-
психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс
-
əрекет пен өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік
-
психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. 
Әлеуметтік
-
психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның 
мынадай негізгі қызметтерін атауға болады: 
-
педагогикалық ұжымның əлеуметтік
-
психологиялық климатының
топтастырушылық қызметі ұжым мүшелерінің оқу
-
тəрбие міндеттерін 
шешуге ұжымдық күш
-
жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады; 
-
ынталандырушылық қызметі педагогикалық əрекеттің қолдануына
қажетті 
ұжымның 
«эмоционалдық 
күш
-
қуатын» 
қалыптастыруға 
байланысты; 
-
тұрақтандырушылық қызметі ұжымішілік тұрақтылығын қамтамасыз
етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды;
-
реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым
мүшелерінің тəртібіне баға беруде көрінеді.
Қолайлы əлеуметтік
-
психологиялық климаттың бұл белгілерін 
педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады. Әлеуметтік
-


87
психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды 
немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас 
біріккен ұжымда тəжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. 
Ал немқұрайлылық, селқостық немесе қысым, үстемдік еткен жағдайда 
ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай оның кəсіптік 
қызметінің төмендеуіне, дау
-
жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға 
ауысуына апарып соғады.
Кең көлемдегі кəсіптік
-
педагогикалық міндеттерін атқара жүріп 
мұғалім өзін жəне еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. 
Педагогтар əсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен 
ата
-
аналар тарапынан берілген бағаны түсінуге бейім. Жағымды баға 
педагогты ынталандырады. Жағымсыз баға өзінің қызметін, кəсіптік 
позициясын, өзгелермен қарым
-
қатынасын қайта қарауға негіз болады. 
Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сыйластық, принципті, 
талапшыл жəне тілеулестік сипатта болуды талап етеді.
Әлеуметтік
-
психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының 
механизмі еліктеуден 
-
өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, 
пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер 
өз əріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге жəне оған төзуге қабілетті 
болса, екіншілері оның психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, 
ықыласымен сəйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім. Ұзақ уақыт 
бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едəуір 
жеделдетеді. Өз əріптесінің сезімдік
-
психологиялық көңіл
-
күйін танып, оны 
түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайдан шығудың оңтайлы шешімін өз 
басынан іздестіреді.
Өзара əрекеттестіктің екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа 
ықпалынан тұрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен 
қарайтын, тəртіпті, көпшіл, қайырымды, əдепті педагогтар ұжымда жағымды 
климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, 
əдепсіз, тəртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға 
ықпал жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, 
сезімдік жəне мінездерінің жігерлілік белгілеріне тəуелді болып келеді. 
Жекелеген педагогтардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды 
инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге ұмтылады. 
Жігерлі педагог
-
жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым 
мүшелерінің ақыл
-
ойы, сезімі, ерік
-
жігері педагогикалық қызметке 
жұмылдырылса, онда табысқа жету қиын емес 
[23].
Жеке адамның ұжымға жəне оның əлеуметтік
-
психологиялық 
климатына ықпал жасайтын негізгі əдістері 
-
көзін жеткізу, сендіру, жеке үлгі 
көрсету. Көзін жеткізу адамдардың бағасын, пікірін, қалыптасқан мінез
-
құлық нормалары мен ережелерін нақты адамның 
-
көз жеткізетін тұлғаның 
түсінігіне сəйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші 
факторлардың қуатын, қисынмен дəлелді пайдаланып, тек ақыл
-
ойға ғана 
емес, əңгімелесушінің сезіміне де əсер етеді. Сендіру процесінде бір адамның 


88
екінші адамға немесе тұтас ұжымға əсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске 
асады. Сендірудің көмегімен педагогикалық ұжымда көңіл
-
күй қалыптасып, 
идеялар, педагогикалық құндылықтар орнығады. Ұжымдағы жағымды 
əлеуметтік
-
психологиялық климаттың қалыптасуына жеке тұлғаның 
жасайтын ықпалының тиімді əдісі жеке үлгі көрсету болып табылады. Ол 
үлгі адамның өз еңбегіне, əріптестеріне, ұжымдық пікірге қатынасы болуы 
мүмкін. Үлгі барлық кезде де нақты, ол əрекет пен мінез
-
құлықтың үлгісін 
береді, көңілдегі мен өмірдегіні салыстыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет