90
Реалистік кикілжіңнің мақсаты
-
материалды жəне материалды емес,
нақты нəтижеге жету. Мұндай конфликт конструктивті жəне деструктивті
бағытта дамиды. Затсыз конфликттің мақсаты
-
шиеленісті жою, өзіндік
бəсеңдету.
Егер конфликт өзара қарым
-
қатынасты дамытуда дəлелденген шешімді
қабылдауға мүмкіндік туғызса, оны
конструктивті кикілжің
деп атаймыз.
Конструктивті кикілжіңнің ерекшелігі ол əңгімелесушілерде ұрыс
-
керістің
затына бағытты сақтайды жəне
олар бірлескен іс
-
əрекеттің мақсаты мен
құралын саналы түсінеді. Өзінің жəне серіктесінің жағдайын, өзара
мүмкіндігін бағалайды. Олардың əртүрлі пікірде болуы бір
-
бірімен
қатынаста өзара қанағаттанбаушылықты көрсетеді.
Тиімді өзара əрекеттестік пен шешімді қабылдауға
кедергі келтіретін
дау
-
дамай
деструктивті кикілжің
деп аталады. Олар серіктестердің бір
-
бірімен өзара əрекеттестігіне қанағаттанбаған жағдайда туындайды. Онда
нəтижесі белгілі бір «сын тұрғысынан» жəне бағынбаушылықтан көрінеді.
Ол серіктестің өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынуда оппоненттердің
біреуінің екіншісін психологиялық жағынан басып тастауға,
оны басқа
адамдардың көзінше кемсітуге дискредитация жасағанда көрінеді. Әдетте
екінші жақ оған қаһарлы түрде қарсылығын білдіріп, бұл екі жақтың
арасындағы диалог жан
-
жалға айналып, оны шешу мүмкін емес болады. Бұл
түрі денсаулыққа зиянын тигізеді. Кикілжіңді деструктивті шешудің
негативті салдары: біріншіден, адам «дауды мен жеңдім, ал анау жеңілді» деп
ойласа да, екі жақ бірдей жапа шегеді.
Екіншіден, екі жақтың біреуінде
болсын өкпе қалады, соның ішінде жеңіліп қалған адам өзін
-
өзі іштей
кінəлайды, өзін төмен бағалап, сыйламайды.
Кикілжіңнің 80% оған қатысушылардың тілектеріне қарай туындайды.
Ол біздің психикамыздың
ерекшелігіне қарай өтеді, көпшілік адам оны
білмейді немесе оған мəн бермейді.
Кикілжіңнің негізгі бес түрі кездеседі:
ішкі тұлғалық, тұлғааралық,
тұлға мен топаралық, топаралық, әлеуметтік
[23].
Достарыңызбен бөлісу: