ізгілік, үстемділік, альтруистік пен эгоизм ұғымдары қатар жүреді
.
Қарым
-
қатынастағы
ізгілік - əдеп санаты, адамның қоғамдық жəне жеке
өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мəнін
бейнелейді. Жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым
-
қатынастары, жақсылық, қайырымдылық, əділеттілік жəне т.б. Ізгілікке
қарама
-
қарсы ұғым
-
зұлымдық.
Қарым
-
қатынастағы
үстемділік -
доминанта (латын тілінен енген сөз)
- үстемдік ету. Өзекті қажеттілікпен немесе зейіннің үстемділігімен адамның
миында өктемдік ететін қозу ошағы. Мидың көршілес аумағындағы əлсіз
қозуларды тартып күшеюге қабілeттілігі. Доминанта түсінігін жəне оның
қасиетін академик А.А.Ухтомский ғылымға 1923 жылы енгізген.
Бүгінгі таңда жоғарғы сынып оқушыларының төменгі сынып
оқушыларына үстемділік көрсетуінен оқушыларда оқудағы проблемалары
:
оқу үлгерімінің төмендігі, білім алуға деген қызығушылықтың төмендігі;
психологиялық проблемалары: өзіне сенімсіздік, өзін төмен санауы,
тұйықталу, өз
-
өзіне қол жұмсау т.б. жаһандық мəселеге айналып дабыл
қағылуда. Бұл өзекті проблемалар қазіргі таңда мектептерде ерекше көрініс
бергені байқалды.
Альтруизм (қамқорлық) - адамның белгілі бір жағдайлардағы
жекелеген іс
-
əрекеттерінен де көрінеді, сондай
-
ақ жалпы саналы
құндылықтың өмірлік ұстанымын білдіруі мүмкін. Соңғы жағдайда
альтруизм адам өмірінің мəніне айналады. Шектен шыққан түрі (бəрін
кешіру, құрбан болғыштық), яғни жеке тұлғаның жағымсыз мінезіне
айналады. Жалпы алғанда, альтруизм адамгершіліктің əлеуметтік
-
психологиялық көрінісі ретінде аса маңызды рөл атқарады.
Қарым
-
қатынастағы