ІV ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКАСЫ МЕН ЭТИКЕТІ 4.1. Педагогикалық этика - мұғалімнің адамгершілік мəдениетінің компоненті Педагогикалық этика (әдеп) -
моральдық нормалар мен
жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтар негізінде мұғалімнің кəсіби
қызмет түрлеріндегі мінез
-
құлқын реттейтін нормалар, талаптар мен
ережелер жиынтығы. Педагогикалық этика пəні
-
əдептің педагог
санасындағы,
мінез
-
құлқындағы,
қатынастар
мен
іс
-
əрекетіндегі
көріністердің заңдылықтары.
Педагогикалық этиканың мақсаты -
мұғалімнің ақыл
-
ойының күйін
анықтау болып табылады.
Педагогикалық әдеп -
этика ғылымының бір бөлігі. Педагогикалық
əдепке жəне осы терминді қолдану өрісіне анықтама беру теорияда жəне
педагогика практикасында үш түрлі көзқарасқа негізделеді:
-
жалпы адамзаттың əдептілікті сіңіруі;
-
мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;
-
мұғалім шеберлігінің бір бөлігі.
Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық əдеп мұғалімнің
оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен сыпайы қарым
-
қатынасы,
олардың қадірін біліп сыйлауы, қайырымдылық, ілтипаттылық,
кеңпейілділік, шынайылық, ұстамдылық, байсалдылық, сенімділік сияқты
мінез сипаттары жəне қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші
көзқарас бойынша педагогикалық əдеп оқушылармен қажетті қарым
-
қатынастар орнату жəне оны сол қалпында ұстай білудегі арнайы кəсіби
іскерлік ретінде қарастырылады.
Педагогикалық әдеп -
мұғалiмнiң əрбiр нақты ic үстiнде тəрбие
мəселесiнiң ең ұтымды əдiс
-
тəсiлдерiн қолданып, оқушыларды елiктiрiп
əкететiн кəсiптiк сапасы. Оқушылармен қарым
-
қатынас тұрғысынан
қарағанда педагогикалық əдеп мұғалiмнiң жан
-
жақтылығының, оның
идеялық сенiмiнiң, жүрiс
-
тұрыс мəдениетiнiң, жалпы жəне арнаулы бiлiмiнiң,
мамандығына байланысты iзденiстерiнiң жиынтығы iспеттi.