70
-
мораль заңдары абсолютті қажеттілікке негізделеді;
-
адамгершілік нормалары үзілді
-
кесілді сөзсіз болып есептеледі.
Неміс философы Г.Гегель
этикалық тұжырымдама жасады, онда
«мораль» жəне «адамгершілік» ұғымдарының шегін көрсетті. Адамгершілік
-
кімнің қандай екенін көрсететін адам қылықтарының объективті аспектісі.
Негізгі парасаттылық құндылықтар еңбек, іс
-
əрекетте көрінетін рух күші деп
есептеді. Ол И.Канттың: «Адамгершілік дегеніміз
-
жеке тұлғаның
қарапайым табиғатын жеңуі жəне қоғамдық адамгершілік жеке
парасаттылықтан жоғары» деген идеясын дамытты.
Г.Гегель: «Сенім мен ұятты заңның
шеңберінде оятуға болмайды,
субъективтік пен объективтіктің бірлігі парасаттылық болып табылады»,
-
деген. Парасаттылықтың мазмұны, оның пайымдауынша, қоғам мүшелері
басшылыққа алатын моральдық заңдар болып саналады. Оның айтуы
бойынша «мораль
-
адам қылықтарының субъективті аспектісі».
Бұл жеке
адамдардың сенім, бағалау, қобалжуларының негізін қамтиды. Г.Гегельдің
ұғымы бойынша, моральдылық тарихи дəуірге бейімделген жеке адам мен
қоғамның өзара байланысының түрі.
Этика жəне этикет деген ұғымдар бір
-
бірімен байланысты. Педагогтың
кəсіби мəдениетінде этикет маңызды орын алады. Этикет
-
тұлғаның ішкі
мəдениетінің сыртқы көрінісі. Қоғамның əлеуметтік мəдениеті мен ұлттық
ерекшеліктері этикетте көрініс береді.
Этикет
-
қоғамда қабылданған, қалыптасқан адамдардың тəртібі мен
қарым
-
қатынастары туралы ережелер.
Қазіргі
кездегі этикет
-
өткен заман дəстүрлерінен іріктелген дүние.
Оның құрамындағы көптеген ережелер көп ғасырлар, мыңжылдықтар бойы
сүзгіден өткізілген, талай шыңдалудан өткен.
«Этикет» термині алғаш рет XIV Людовик де Бурбон кезінде аулада
тəртіп сақтаудың ережелері жазылған карточкалар (этикеткалар)
шақырылған қонақтарға таратылған кезде қолданылған. Этикет (фр. etiquette
–
жарлық, этикет)
–
адамдармен қарым
-
қатынастың сыртқы түрімен
байланысты тəртіп сақтау ережелерінің жиынтығы (айналамен қарым
-
қатынас жасау, қарым
-
қатынас
пен амандасу формалары, қоғамдық
орындарда тəртіп сақтау, əдет
-
қылықтар мен киім
-
киістер
).
Достарыңызбен бөлісу: