82
Бірақ осы жоғарыда айтылған стильдер еш уақытта таза берілген
күйінде қолданылмайды. Бір басшының бойында осы үш стиль де кездесуі
мүмкін, дегенмен бір стильдің көрінісі басымдау болады. Басшы басқару
стилін таңдауда көптеген факторларға байланысты таңдайды, мысалы,
басшылардың жеке мінез
-
құлқы, бағынушының əлеуметтік
-
психологиялық
ерекшеліктері.
Басқару стилі ұжымда көп нəрсені анықтайды. Ұжымдағы достық,
бірлік, топтастық, бəрі басшыға байланысты. Егер ол үш стильдің біреуін
ғана қолданса, онда ұйымда ресми емес көшбасшының рөлі жоғарылап кету
қаупі бар. Егер ресми емес көшбасшы ұйымда жақсы орын алса, онда
ұйымдағы жұмысшылар оның айтуын заң ретінде қабылдауы мүмкін. Ондай
жағдайда ресми емес басшы ұйым мүшелерін қалай алып жүремін десе, сол
тарапқа бұрып алады. Егер көшбасшының мақсаты ұйымды алға жылжыту
болса, онда ол ресми басшыға көмекші, ал егер керісінше ойы ұйымды
құлдырату болса, онда қарама
-
қайшылық үрдісі ұйымда орын алуы əбден
мүмкін. Сол үшін де басқару стилін басшы нақты ойланып, дұрыс таңдауы
керек. Өйткені қателік кетсе, жоғарыда айтылған қолайсыздық орын алуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: