97
мінез
-
құлқын басқарудың күрделі тəсілдері қалыптасады. Оқушыларға
педагог тарапынан оң не теріс бағаланбайтын мінез
-
құлық жолдарын таңдау
мүмкіндігі бар болған жағдайда адамгершілік нормалар табысты
қалыптасады. Норма
-
тəрбиеленушіні өзіндік өмірлік позициясын құруға
бағдарлайды, ішкі дербес бақылауын қалыптастырады. Ішкі бақылау
адамның моральдық қасиеттерін қалыптастырудың маңызды көрсеткіші
болып табылады, оның əрекеті өз тəжірибесімен тексерілген қоғамдық
өмірдің ережелері бұзылған жағдайда эмоционалдық жайсыздыққа, өзіне
-
өзі
қанағаттанбауына əкелуі мүмкін. Ішкі бақылау интеллектуалды, қимыл
-
қозғалыс, эмоционалды жəне ерікті салаларда оқушының белсенді əрекеті
арқылы қалыптасады. Мотивтерін моральдық идеяларға бағындыруға дайын
болу тұлғаның өзін
-
өзі бағалауын арттырады, өзін
-
өзі құрметтеуін дамытады.
Айналадағы шындыққа жəне өзіне қатысты қарым
-
қатынастың дамып келе
жатқан тəжірибесі тұлға құрылымындағы басымдылыққа байланысты, ол
-
жас ерекшелік дамуының түрлі кезеңдеріндегі шешім қабылдау кезінде ең
бастысы болып табылатын сезім немесе ақыл
-
ой. Әлеуметтік жағдайға
байланысты адамның моральдық тəрбиесі (немесе тəрбиесіздігі) əртүрлі
сапалы жағдайларда көрінуі мүмкін:
-
Достарыңызбен бөлісу: