З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет66/84
Дата03.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#167355
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84
Байланысты:
З.С.Алканова

«төмен деңгейдегі
»
моральдық тəрбие 
-
оқушы қоғамдық мораль
нормалары мен талаптарын жеткілікті түрде білмейді;
-
«жоғары деңгейдегі
»
моральдық тəрбие 
-
адамгершілік тəрбиенің
бірлігін көрсетеді: сана, ойлау, ерік, сезім мен мінез
-
құлық
[25].
Қазіргі білім беру ұйымдарының міндеттерінің бірі
-
білімалушыға 
білімді меңгерту ғана емес, оның рухани қасиеттерін танып, ішкі жан 
дүниесіне əсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін
-
өзі дамытуына жол көрсету.
Сондықтан да рухани құндылық білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі 
болып табылады. Дүниені өзінше түсіну, сезіну, өзінің мүмкүндіктерін 
толықтай пайдалана алу, өз бетімен білім алып, өзінің еркін дамуына жол 
ашатындығы туралы тұжырымдар Л.Хей, Ш.Амонашвили, Ошо, С.А. 
Назарбаева т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Әлемдегі қайғы қасіреттердің болу себебі адам өмірінде адамгершілік 
құндылықтардың жəне арман
-
мұраттардың болмауынан екен. Сондықтан да 
ізгіліктің ең үлкені 
-
адамдарға жақсылық жасау деп түсінсек, мұның өзі
адамның бойында ізгіліктің болуынан бастау алады. Адамда адамгершілік 
қасиеттер болмаса, жеткен жетістіктері түкке тұрмайтын болып шығады.
Қоғамды ізгілендіру 
-
XXI ғасырдың өркениетті дамудың талабы, 
мұның өзі əлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына 
қол жетуіне байланысты болып отыр, əрі бұл қатынастарда алдымен əлемнің 
тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру 
мақсатына жету құралы зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл
-
күй 
мəдениетін тəрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір 
жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс болып табылады. 
Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мəдениетті, бүгінгі білім, тəрбие 
берудің аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатындығымыз 
айқын.


98
Сонымен, заманауи қоғамның жағдайында тұлғаның этикалық
-
адамгершілік қалыптасуы адамның өзін
-
өзі айқындау құндылығы арқылы 
жүзеге асады. Ол өз бойындағы жəне басқалардың адамгершілік 
құндылықтарын салыстырады, əрекеттер мен мінез
-
құлыққа талдау жасау 
барысында адамгершілік құндылықтарды анықтап, өзін
-
өзі айқындайды. 
Өзін
-
өзі айқындаудың алғашқы кезінде оқушы игеретін құндылықтардың 
мəнін аша келе, адамгершілік құндылық бағдарына ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет