91
материалдық жағдай, өндірістік аумақ, жұмыс күші жəне т.б.
Тұлға мен топаралық кикілжің
.
Топтардың тілдесу, тəртіп ережелері
қалыптасады. Топтың əр мүшесі оны сақтауы керек. Қалыптасқан нормадан
бас тартуды топ теріс қабылдап, тұлға мен топ арасында кикілжің
туындайды. Осы түрге жататын кикілжіңнің кең тараған түрі
-
басшы мен топ
арасындағы кикілжің.
Топаралық кикілжің
. Ұйым көптеген топтардан тұрады.
Олардың
арасында кикілжің туындауы мүмкін. Топаралық кикілжің кезінде топтың
мүшелері басқа адамдарды жеке тұлға ретінде қабылдамай, жағымсыз тəртіп
пен басқа топтың мүшесі ретінде ғана қабылдайды. Өз топтарын асыра
бағалап,
басқа топты кішірейтіп, төмендетіп, теріс баға береді. Өз
топтарының теріс қылықтарының себебін сыртқы фактордан көреді, ал
қарсыластарының сүрінуін ішкі себептерден іздейді.
Достарыңызбен бөлісу: