З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет59/84
Дата03.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#167355
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   84
Байланысты:
З.С.Алканова

5.2.
Педагогикалық ұжымдағы қарым
-
қатынас ерекшеліктері. 
Моральдық
-
психологиялық ахуал
Басқарудың жəне өзін
-
өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі 
педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л.Н.Толстой, 
К.Д.Ушинский, Н.И.Пироговтардың оқыту мен тəрбиенің өзара 
байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, 
педагогтардың өзін
-
өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен 
қалыптасты. 
Тəрбие мақсаты 
-
балалар ұжымын қалыптастыру мəселесі отандық 
педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін 
іздеумен бірге қарастырылды. Мұғалімдердің тəрбиелік ықпалын біріктіру 
20-
30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды.
Педагогикалық 
ұжымның 
топтасуы 
жəне 
дамуы 
идеясы
В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты.
Ол əрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап
көрсетті. Тəжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта
оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ.
Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі 
механизмін ашуға арналған Н.С.Дежиннова, В.А.Кераковский, Л.И. 
Новикова, Р.Х.Жакуров жəне т.б. ғалымдардың еңбектер жарияланды. 
Педагогикалық ұжым адамдардың əлеуметтік жəне кəсіптік бірлестігі ретінде 
ұжымға тəн барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде 
мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, 
салыстырмалы түрде тұрақты жəне ұзақ мерзімде əрекет ету сияқты 
қоғамдық жəне кəсіптік сипаттар тəн.
Педагогикалық ұжым сондай
-
ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас 
бөлігі болып есептеледі. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық 
ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады. 
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кəсіптік қызметіне 
байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тəрбиелеуде. 
Педагогикалық ұжымның кəсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің 
педагогикалық мəдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, 


84
ұжымдық жəне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, 
ынтымақтастық 
деңгейімен 
анықталады. 
Өзінің 
мəні 
жағынан 
педагогикалық, тəрбиелік болып табылатын оқу орындарының ұжымы 
оқушыларға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе əрекет 
етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай 
педагогикалық ұжымды өзін
-
өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге 
ынталандырады. 
Мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен 
өзара тығыз əрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу 
оқушылар ұжымының тəрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске 
асырылуына тікелей тəуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы 
ретінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы бағынушы 
болады. Ал қазіргі əрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға 
баса назар аударылған жағдайда педагогикалық жəне оқушылар ұжымы 
басқарудың да, өзін
-
өзі дамытудың да субъектісі болып отыр. Мұғалімдер 
ұжымы өзінің орасан зор интеллектуалдық, тəрбиелік күш
-
қуаты бойынша 
балалар ұжымына ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына байланысты да 
тəрбие субъектісі ретінде əрекет жасайды
.
Педагогикалық ұжымның басты ерекшелігінің бірі ретінде мұғалімдік 
кəсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пəн мұғалімі, 
сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстар сияқты 
қызметтерді атқарады. Мұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға 
тəн. Өзінің кəсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым 
мектеп шегінен шығып кетеді. 
Қоршаған əлеуметтік ортаны педагогикаландыру, яғни ата
-
аналар мен 
жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мəдениетін қалыптастыру тұтас 
алғанда педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген 
мұғалімдердің педагогикалық əрекетіне зерттеушілік қызметі тəн. Қазіргі 
мұғалім
-
зерттеуші 
-
нормативті қызмет жасымен шектелмейтін, педагогика
-
лық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар 
мен технологияларға баға беріп, игеріп жəне практикада қолдануға қабілетті 
педагог. 
Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары деңгейде 
өзін
-
өзі басқара алуында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, əдістемелік комиссиялар, 
қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік 
алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып дербестік пен 
белсенділік дамытады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің, оның 
басшыларының қызметтік міндеттері, қызметтік нұсқаулары арқылы дəл 
айқындалуы да ұжымның ұйымшылдық сипатын нығайтады.
Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі 
-
оның қызметінің 
ұжымдық сипаты мен нəтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген 
мұғалімдердің, əсіресе орта жəне жоғары сынып мұғалімдерінің іс
-
əрекетін 
өзге мұғалімдердің іс
-
əрекетімен сəйкестендірмесе, оқушылардың білімін 
бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса онда ол 
табысқа жеткізбейді. Мұғалімдердің біртұтастығы олардың құндылық 


85
бағдарлары мен сенімдерінен көрінеді, дегенмен бұл жағдай педагогикалық 
технологияның бірсарындылығын білдірмейді. Балаға деген махаббат, оны 
оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық 
шығармашылық, оптимизм, жалпы жəне кəсіптік мəдениет мұғалімдердің іс
-
əрекетінің біртұтастығын материалдық негізін құрайды.
Педагогикалық ұжым өмірінің еркешеліктерінің қатарында белгілі бір 
педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға 
болады. Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани 
дүниесін байытып, кəсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп 
болады.
Педагогикалық ұжымға тəн өзіндік ерекшеліктердің бірі оның 
құрамында əйелдердің басым болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы өзара 
қатыстық сипатына ықпал жасайды. Әйелдер ұжымы еркектер басым болып 
кететін ұйымдарға қарағанда тез əсерленгіш, көңіл күйі жиі алмасады, 
барынша дау
-
жанжалға бейім. Дей тұрғанмен, əйелдер жаратылысынан 
тəрбие ісіне бейім, педагогикалық ықпал жасаудың əдістері мен тəсілдерін 
таңдауда барынша икемді екендігін де есте ұстау керек.
Ұжым 
психологиясы 
жөніндегі 
зерттеулер 
(
А.И.Донцов, 
А.Н.Лутошкин, А.В.Петровский, А.Л.Свентицкий жəне т.б.
)
ұжымның 
құрылымы туралы тиянақты мағлұмат береді. Соның ішінде ұжымға 
əлеуметтік
-
психологиялық талдау жасағанда, оның ұйымдық құрылымы 
ресми жəне бейресми болып бөлінеді. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым 
мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға 
болады.
Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен 
құқықтары, еңбек бөлінісінің ресми реттелуіне байланысты. Ресми 
құрылымның шеңберінде əрбір адам кəсіптік қызметті атқаруда белгілі 
тəртіп, ережелер негізінде еңбек ұжымының өзге мүшелерімен əрекеттеседі. 
Бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер білім стандарттарын, оқу 
бағдарламаларын, сабақ кестесін, кəсіптік этика нормаларын басшылыққа 
алады. Әрбір мұғалім мектеп басшыларымен, əріптестерімен іскерлік 
қатынаста болады. Ал, мұғалім мен мектеп басшыларының арақатынасы 
қызметтік нұсқаулар жəне өнімдермен реттеледі.
Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерінің 
алдын ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс
-
əрекет негізінде 
қалыптасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы 
қалыптасқан қатынастар жүйесінен тұрады. Ондай қатынастар жек көру мен 
ұнату, құрметтеу, махаббат, сенім немесе сенімсіздік, ынтымақтасу, бірлесе 
жұмыс істеуді қалау немесе қаламау сезімдері негізінде қалыптасады. 
Мұндай құрылым ұжымның ішкі, көбіне жасырын, көзге көрінбейтін 
жағдайын танытады.
Жас мұғалім педагогикалық қызмет процесінде қиындыққа кездескенде 
ресми ұйымдық құрылымға сəйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі 
орынбасарына, сонымен бірге қажет деп тапса білікті, тəжірибелі маман 
ретінде басқа мұғалімнен көмек сұрайды.


86
Ал мұғалімдер арасындағы бейресми байланыстар түрлі себептерден 
туындайды. Бір жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты 
əлеуметтік қажеттіліктен туындаса, келесі жағдайда тəжірибелі жолдасынан 
кəсіптік көмек, қолдау алуға байланысты, үшінші жағдайда 
-
жаңа, қызықты 
ақпарат алуға байланысты, төртінші жағдайда өзгелерді өзіне бағындыруға 
ұмтылған эгоистік себептерден туындайды. 
Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының мынадай 
белгілерін бөліп айтуға болады: достық, жолдастық топтардың құрылуы, 
бейресми пікірдің қалыптасуы, бейресми басшылардың шығуы, жаңа 
құндылық бағдарлардың нығаюы жəне т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет