БөЖ Қабылдаған: Дайындаған: Тобы: Туркістан-2023 жоспар



бет1/6
Дата20.12.2023
өлшемі62,64 Kb.
#197975
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саясаттану


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы


БӨЖ

Қабылдаған:
Дайындаған:
Тобы:


Туркістан-2023


ЖОСПАР
1.Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғалымдарының еңбектері
2.Саяси билік пен мемлекеттік биліктің ара жігі.
3.Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму заңдылықтары
4.Саяси режимнің түрлері мен олардың ерекшеліктері

САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕГЕН ЕРТЕ ҒАСЫР ДӘУІРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ
Ғылым - қоршаған әлемнің барлық құбылыстарын жүйелеу арқылы жинаған адамзат ойының көпғасырлық жұмысы.
A.Эйнштейн
Саясаттану өз пәні және өзіндік зерттеу әдістеріне ие дербес ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақында пайда болса да, біз оның бастауларын ежелгі дәуірлерден таба аламыз. Қоғам өмірінің саяси саласы туралы ілім өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтті. Бастапқы дәуірлердегі саяси ойлар адамдардың өздерін қоршаған әлем мен қоғам туралы жалпы түсініктерінен бөлінбеген еді. Ерте дәуірлерде адамдар биліктің және басқа да қоғамдық институттардың пайда болуына діни-мифологиялық түсініктер беретін. Уақыт өте келе эмпирикалық мәліметтердің жинақталуымен және ғылыми таным әдістерінің жетіле түсуімен саясат әлемімен онымен қатар көрінетін биліктікқатынастарарнайызерттеу пәніне айнала бастады. Саясатты қоғам өмірінің ерекше саласы ретінде антикалық кезеңнен бастап талдай бастағанымен, саясаттану дербес ғылым ретінде XIX ғасырда ғана қалыптасты.
"Антикалық саяси ойлар мемлекеттік құрылыстың оңтайлы үлгісін іздестіру мәселесіне жұмылдырылған еді. Яғни, антикалық дәуірде адамдар өздерінің отбасылық немесе қауымдық заңдарын саяси жүйегеде көшіруге ұмтылатын. Антикалық ғылымда саясаттың, этика мен философияның нақты бөлінуі әлі де орнықпағандықтан, іс-қызмет пен танымның осы саласының барлығы біртұтастық ретінде қарастырылды.
Саяси мәселелердің көпшілігі негізінен этикалық көзқарас тұрғысынан қарастырылғандықтан, бұл өз кезегінде сол дәуірдегі көптеген ғалымдардың еңбектерінің тым морализаторлық сипатта көрініс табуына алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет