3.САЯСИ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ, ТИПТЕРІ, ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар,ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін,қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы.Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық саяси ұйымдар және т.б.жатады. Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:
▪ Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;
▪ Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;
▪ Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады
▪ Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;
▪ Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады
Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз. Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті,
статикалық, динамикалық. Статикалық тұрақтылық дегеніміз мемлекеттің
тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да,мемлекеттік билік тарапынан да сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділікті айтамыз. Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болады. Оның негізгі белгілері:
Қоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі;
▪ Этносаралық және діни шиеленістер деңгейі;
▪ Конституциялық құқықтың бұзылу деңгейі;
▪ Солшыл радикалды идеялар деңгейі;
▪ Саяси плюрализм деңгейі
4.САЯСИ РЕЖИМНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық және антидемократиялық режимдер.Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.