Мораль – принциптер, нормалар және идеалдар



Дата07.02.2022
өлшемі210,48 Kb.
#93220
Байланысты:
СРСП 1. Алшынбаева М. ОЭАК
k.r s bailas zhemkorl g [1]

Мораль – принциптер, нормалар және идеалдар 1 – апта


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
“Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері” пәні
Орындаған: Алшынбаева Меруерт Тобы: РЭТк-20-2
Қабылдаушы: Танирбергенова Рабиға Көлекбай қызы
Мамандық: 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация

Ұсынылатын әдебиеттер:


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
  • Barbara MacKinnon, Andrew Fiala. Этика теориясы мен қазіргі мәселелері. Cengage Learning, 2018.
  • Гусейнов А.А. Этика и мораль в современном мире // Этическая мысль: современные исследования. − М.: 2009.
  • Резник С.Д. Этика:Учебник.−М.: Академический проект, 2004. – 624с.
  • Этика. / Сост. Н.А. Донецкая. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2008. – 86с.
  • Габитов Т.Х. и др. Основы этики. – А. 1997.

Дәріс жоспары:


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
  • Мораль ұғымы туралы түсінік.
  • Мораль ерекшеліктері мен ережелері
  • Моральдық нормалар түрлері

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады
Мoрaль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектiсі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
1.
    • Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;

2.
    • Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;

3.
    • Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;

4.
    • Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.

Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
Мораль – дегеніміз адамдардың мінез - құлқының тарихи қалыптасқан принциптері мен ережелерінің жиынтығы. Бұл принциптер мен ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық деген ұғымдардың тұрғысынан қаралып, адамдардың мінезі мен іс-әрекетін бағалаудың өлшеушісі болып табылады. Бұл адамдардың бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, үй іші адамдарының бір біріне деген қарым-қатынастарын ретке келтіріп отырады. Мораль қоғамнан тысқары тұра алмайды. Қоғам моральды туғызады, сақтайды дамуына ықпал жасайды. Қоғамның дамуымен және экономикалық құрылыстың өзгеруі мен бірге мораль да өзгеріп отырады. Керісінше, мораль адамның еңбекке деген көз қарасы арқылы қоғамның экономикалық дамуына әсер етеді. Моральдың қалыптасуына қоғамдық сана, саясат, құқық, көркем еңбек, дін ықпал етеді.
Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер қалыптасады.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
МОРАЛЬДЫҚ НОРМАЛАР ТҮРЛЕРІ
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
Қандай болсын iс ірекет, адамның мінез қылығы әр түрлі болуы мүмкін (мысалы, құқықтық, саяси, эстетикалық), бірақ ондай іс әрекеттің саналы жағы, мазмұны бiрдей бағаланады. Анықтап айтсақ, моральдық нормалар күнделікті қоғамда әдет ғұрып арқылы, жалпыға бірдей тәртіптің күшімен, сондай ақ қоғамдық пікірмен де қалыптасады. Және де олардың орындалуы барлығымен бақыланады.
Мoраль нормалары мемлекeт пайда болғанға дейін пайда болған, ал құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда болған, сондай-ақ мораль нормаларының құрамы күрделi, кең мазмұнмен сипатталады және қоғамдық пікірмен нeмесе үйреншілікпен қамтамасыз етіледі. Мораль нормалары кез-келген қоғамда болады және адамдардың кез-келген тәртібі жан-жақты бағаланады. Мoраль нормалары қоғамдық санада, әдет-ғұрып, салт-дәстүр түрiнде көрініс табады.

Назарларыңызға рахмет!


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет