Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: Тарих, археология және этнология
Кафедра: Дүние жүзі тарихы, тарихнама
Семинар
Тақырыбы: Қазақстан библиографиясының дамуы кезеңінде орыс ғалымдарының еңбектері олардың қазақ даласына жүргізген зерттеулерін талдау.
Орындаған : Каимова Малика
Тексерген: Асанова Б. С
Алматы 2020 г.
Қазақстан Библиографиясын зерттеуде Ресей ғалымдарының қосқан үлестері зор десекте болады. Енді осы Қазақ библиографиясының шығуына ат салысқан орыс шығыстанушыларын айтатын болсақ, оларға В.Радлов, И.Березин, А.Васильев, Ə.Диваев, А.Харузин, П.Мелиоранский, В.Катаринский, Н.Пентусовты жатқызамыз. Осы тұста Павел Ивановичқа тоқталатын болсақ – Ресей тарихшысы, этнографы. 1850 – 1851 жылдары қазақ даласына жасаған алғашқы ғылыми-этнографиялық сапарында Орынбор, Орал, Астрахан қалалары сынды көптеген қазақ ауылдарында болған. Бұл сапары туралы “Астрахан және Орынбор өлкесіне жасаған саяхат есебі” және “Еділ бойы очерктері” деген мақалаларында Бөкей хандығының қазақтарын, олардың шығу тегі жөнінде мағлұматтар берген болатын. Ол Ресей мен Орталық Азияның сауда-саттық байланысына,Еділ алқабына, керуен жолдарына арналған күрделі еңбектерімен бірге, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы этнографиялық және статистикалық деректер жинап, монографиялар мен мақалалар жазған еді . Және де қазақ жерінде жүрген кезінде Ш.Уәлихановпен, М.Бабажановпен кездескен болатын.
Ал енді келесі де Николай Пантусовқа тоқталсақ - орыс шығыстанушысы, археолог, филолог, нумизмат, этнографы болып табылады. Өзінің ғылыми қызығушылықтарын қызметпен ұштастыра отырып, Николай Пантусов археологияны, этнографияны, фольклортануды және Жетісу аймағының географиясын зерттей бастаүан. Ол осы тұста өзбек, қазақ және ұйғыр тілдерін меңгерген. Орталық Азия халықтарының тарихы мен өмірі туралы материалдарды талмай жинаған; азиялық нумизматиканы, қолжазбаларды, архитектураны зерттеді және астананың ғылыми қауымдастықтарымен және мұражайларымен белсенді хат алмасуда болған. Шығыстанушының Таранчинск диалектінің үлгілерін ново-ұйғыр тілінде жариялау ғылымға үлкен қызмет етті - таранч әндері бойынша жасаған жұмысы үшін Н.Н.Пантусов Ресей географиялық қоғамының кіші алтын медалімен марапатталған болатын .Сондай-ақ, осы кезде қазақ және өзбек тілдерінің үлгілері жарық көрді. Оның «казак-қырғыз диалектісін зерттеуге арналған материалдар» шығармасы VI бөліктерге бөлінген , онда қазақтың мақал-мәтелдері, ертегілері, әндері, наным-сенімдері мен қоса «Коз-Көрпеш пен Баян-сұлу ескерткіші» сынды қазақ аңызының мәтінімен және батырлар қабірінің сипаттамасымен қоса «Сұлтан Бабердің жазбалары» қолжазбасындағы Ферғана фрагменттері; Қоқан хандары мұрағатының ішінара сипаттаған болатын.
Пантусов археологиялық орындарға да қызығушылық танытқан. Ол жартастағы суреттер мен жазуларды зерттеп, оларды ашумен айналысты . Үш рет үйінділер қазу жұмыстарын ұйымдастырып - екеуі Весновка өзенінің оң жағалауында және біреуі Қарасу мен Үлкен Алматы өзендері аралығында болған. Сонымен қатар, ол құмар жинаушы болған.
1898 жылы Пантусовтың бастамасымен Жетісу облыстық мұражайы құрылды, оның негізін кейіннен Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінің коллекцияларына енген өзінің жеке археологиялық және этнографиялық коллекциясы құрады. Верный тұрғындарының Пантусов түсірген фотосуреттері де осы жерде әлі күнге дейін сақталған .
Археологияда оның есімі Жетісуда тас құлпытастары бар христиандар зираттарын табуға және зерттеуге байланысты кеңінен танымал. Атап айтқанда, мұражайдың археологиялық қорлары Бішкек маңында орналасқан ежелгі несториандық зираттан алынған кресттер мен сириялық жазбалары бар 9-13 ғасырлардағы құлпытастар жиынтығын сақтаған. Құлпытастар Моңғолға дейінгі кезеңде Түркістан территориясында христиан қауымдастықтарының болғандығының алғашқы дәлелі десекте болады. Пантусов - 111 жарияланымның авторы.Көбіне ол өзі ашқан материалдардың алғашқы ғылыми дайындалған баспагері болды, мысалы, ұйғыр ақыны Біләл Назим шығармашылығын айтсақ болады. Оның замандастары үшін айтарлықтай қызығушылық танытқан басқа басылымдардың арасында мынаны атауға болады: Ферғана, Сұлтан Бабердің жазбалары бойынша, Тарихи Шахрохи, Ферғана билеушілерінің тарихы мен Молла Ниязия Мұхаммед бен Ашур Мохаммедтің композициясымен қоса Орталық Азияның көне дәуірлері , Жетісу өңірінің ежелгі дәуірі туралы жазбалар және т.б. шығармалары.Оның көптеген басылымдары бүгінде айтарлықтай қызығушылық тудырады деп айтуға толық негіз бар. Ендігі кезекте Қазақ жерін, елін зерттеудегіБартольд зерттеулерінің тұжырымдамасына тоқталайық. Археологияның дамуындағы үлкен бетбұрыс оқиға 1893-1894 жылдары В.В.Бартольдтың іссапармен осы аймаққа келуімен байланысты болды. Ол Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл қазаншұңқыры мен Іле өзені алқабының ескерткіштерін көріп шығады. Оның «Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью» еңбегі осы кезге дейін тарихи ақпараттың ғаламат үлгісі болып қалып отыр. Көптеген жазбаша дереккөздеріне сүйеніп В.В.Бартольд зерттеген ауданының тарихи-топографиясын суреттеді, археологиялық жағынан болашақтағы мәні зор ескерткіштерді анықтады және оларды ортағасырлық белгілі қалалармен сәйкестендірді. Ол Верный қаласының ауданындағы қалалық мәдениеттің ілкідегі қайнар-бастауларын атап өтеді. В.В.Бартольдтың осыдан кейінгі еңбектері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өткен тарихының бет-пердесін ашып берді. Оның іргелі ізденістері көптеген қалалардың тарихи топографиясын, олардың локализациясын, ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи оқиғалардағы рөлін, түрік-соғды байланыстары тұсындағы қалалардың қалыптасуы мен дамуы тарихын зерттеуге негіз қалады. 1895 жылы Ташкентте құрылып, жергілікті зиялылардың өлкенің өткеніне, оның тарихына, сәулет және өнер ескерткіштеріне ден қоятын өкілдерін, әскери адамдарды, шенеуніктерді, өткенге қызығушылық танытатындарды біріктірген Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің ұйымдастырылуы да В.В. Бартольд есімімен байланысты. Қоныстар мен қалалардың қирандылары, қорымдар, жартас суреттері, жазулар, мазарлар, эпиграфиялық және нумизматикалық материалдар, тас мүсіндер секілді нақты археологиялық ескерткіштер, ежелгі суландыру сауалдары үйірме отырыстарында көтеріліп тұрды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Прошлое Казахстана в письменных источниках V в. до н. э.-ХҮ в. н.э
Байпаков К.М. История древнего Казахстана. - Алматы, 1996.
Кононов. А. Н. История изучения тюркских языков в России
Достарыңызбен бөлісу: |