71
-
əскери этикет;
-
жалпыадамзаттық этикет;
-
бизнес этикет (соңғы онжылдықтарда қалыптасып келе жатқан
этикет).
Әрбір мұғалім, ұстаз, тəрбиеші этикалық қасиеттерге ие болуы керек.
Сонда ғана ол осы қасиеттерді болашақ ұрпақты өсірген кезде пайдалынып,
осы этикалық қасиеттерінің арқасында жұмысты жемісті орындай алады, осы
қасиеттерді оқушыларға сіңіре біледі, оқушылармен тезірек тіл табыса алады,
жұмыс істеуі оңайға түседі. Ал жас мұғалімге өз ұстаз қызметін бастаған
кезде осы қасиеттердің болуы аса көмек береді. Бұл қасиеттер мен
дағдыларға ілтипаттылық, парасаттылық, инабаттылық, əрбір оқушыға жеке
тұлға ретінде құрметпен қарау, кеңпейілділік, сабырлық, ұстамдылық
жатады.
Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Этика мен этикеттің қандай байланысы бар?
2. Этика, мораль ұғымдарының өзара байланысын анықтаңыз.
3. «Этикет» ұғымына бірнеше əдебиеттер бойынша анықтама беріңіз.
1-
тапсырма.
Тақырып бойынша
«Тұжырымдамалық карта»
жасаңыз.
(
Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың
түйінді идеясы, график т.б. салуға
,
не дайын материалды жапсыруға болады
).
Бағалау өлшемдері:
1) Тақырып мазмұнының ашылуы
–
1 ұпай;
2) Ойдың түйінді идеясының болуы
-
2 ұпай
;
3) Ойдың нақты жеткізілуі
–
2 ұпай.
Бағалау: 5 ұпай
-
«5», 4 ұпай
-
«4», 3 ұпай
– «3», 1-
2 ұпай
– «2».
2-
тапсырма.
Педагог этикасы туралы педагогикалық жағдаяттарды
жинақтап, альбом жасаңыз.
3-
тапсырма.
«Төрт сөйлем» тəсілі арқылы тақырып туралы пікіріңізді
білдіріңіз.
Пікір.
Тақырып бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен айтыңыз.
Дәлел.
Пікіріңізді бір сөйлеммен дəлелдеңіз.
Мысал.
Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңіз.
Қорытынды.
Тақырып мазмұны бойынша қорытынды шығарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: