Іс
-
әрекет мотиві.
Жеке адамды қандай болмасын əрекетке
итермелейтін негізгі қозғаушы мотив
-
оның түрлі (мотивтері) қажеттері,
яғни бір нəрсеге мұқтаждануы.
Іс
-
әрекеттің салдары.
Жасалған іс
-
əрекеттің айналасына тигізген
əсері.
Іс
-
әрекетке итермелеген жағдай.
Әрбір адам іс
-
əрекет кезінде белгілі
бір жағдайларға байланысты əрекет етеді.
Іс
-
әрекет құралдары
.
Іс
-
əрекетке қол жеткізу үшін пайдаланылатын
құралдар.
Педагог оқушылардың əртүрлі əрекеттеріне кез болады. Әрбір
жағдайда мұғалім оқушының əрекетін назарға алып, оның əрекетіне оң
немесе теріс баға беруі тиіс.
Әрекеттерге баға беруде оның мотивтерін, мақсатын, тəсілдерін ескеру
қажет. Тұлға бірте
-
бірте қалыптасатынын естен шығармайық. Баланың
тұлғасының моральдық қалыптасуы ұзақ процесс. Қателіктер жіберу мен
сəтсіздікке ұшырау қалыпты жағдай.
Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. «Іс
-
əрекет» түсінігіне анықтама беріңіз. Әртүрлі өмірлік жағдайда
тұлғаның адамгершілік мінез
-
құлық қайшылықтары қалай көрініс табады?
2. Балада өз мінез
-
құлқын реттей алу əдетін қалыптастыру жолдары
қандай?
1-
тапсырма.
Шəкəрім Құдайбердиевтің нақыл сөздерін оқып, мінезге
сипаттама беріңіздер.
1)
Ашумен қылған іс
-
іс болып жарытпайды. Бойды ашуға билетпе.
2) Ең зиянды адам
-
мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ
пейіл, адал еңбек
-
осы төртеуі кімнің бойында болса
-
сол шын адам болады.
101
3) Адамның ең асылы
-
қиянатсыз, ақ пейіл адам.
2-
тапсырма.
Өзіңіз туралы кластер құрыңыз. Парақтың ортасындағы
шеңберге өз есіміңізді жазыңыз, одан таратылатын шеңберлерге өмірдегі
«ойнайтын» рөліңізді жазыңыз: отбасында, оқуда, сабақтан тыс уақытта. Әр
рөлден туындайтын шеңберлерге осы рөлдегі ахуалыңызды сипаттайтын сын
есімдерді жазыңыз.
102
Достарыңызбен бөлісу: |