З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет70/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   97
Байланысты:
Академ

 
 
 
 


144 
11 Ғылыми мәтіннің басты жанрлары 
 
11.1 Реферат – ғылыми ақпаратты ұсыну тәсілі ретінде 
Реферат
– қандай да бір бағытта жазылған дереккөздерге шолу жасай 
отырып, белгілі бір тақырыпқа арналған шағын жазбаша жұмыс. Яғни бұл 
дегеніміз 
– 
берілген 
тақырып 
бойынша 
ғылыми 
еңбектердің 
(монографиялардың, оқу құралдарының, ғылыми мақалалардың) мазмұнын 
жазбаша түрде қысқаша баяндайтын ғылыми-зерттеу жұмысы.
Ғылыми
-
техникалық
зерттеулер жүргізу кезінде (әсіресе тақырып бойынша жұмыстың 
бастапқы сатысында) сараланатын мәтінді дұрыс рефераттау дағдыларын 
қалыптастыру маңызды мәнге ие болып табылады.
Рефераттың мақсаты
– нақты тақырып немесе мәселе бойынша білім 
жинақтау және жүйелеу. Реферат көлемін әрбір нақты жағдайда оқытушының 
өзі анықтайды. Рефератта студент бірнеше дереккөздерде қамтылған негізгі 
ережелерді (идеяларды, шешімдерді, ұсыныстарды және т.б.) баяндайды, 
әртүрлі көзқарастарды келтіреді, олар бойынша өз пікірін негіздейді. 
Таңдалған (берілген) тақырып бойынша жұмыс келесідей кезеңдерден 
тұрады: 
-
дереккөздерді іздеу және оқу; 
-
библиография жасау; 
-
жоспарды әзірлеу; 
-
реферат жазу. 
 
11.1.1 Рефераттың түрлері 
Рефераттың
өнімді (продуктивті) 
және
өнімсіз 
(репродуктивті) 
деген 2 түрі бар. Өнімсіз рефератта алғашқы түпнұсқа мәтіннің мазмұны 
баяндалады. Өнімді реферат шығармашылық немесе сыни ойлау тұрғысынан 
жазылады. 
Өнімді реферат
реферат-баяндама және реферат-шолу деген екі түрге 
бөлінеді. Реферат-шолу бірнеше дереккөздің негізінде құралады және 
қарастырылатын мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды салыстырады. 
Реферат-баяндамада алғашқы дереккөздегі ақпаратқа талдау жасаумен қатар 
мәселеге объективті баға беруге болады. Бұл рефератта тақырып жан-жақты 
толық сипатталып жазылады. 
Өнімсіз рефератты
іштей реферат-конспект және реферат-түйіндеме 
деген екі түрге бөлуге болады. Реферат-конспектіде нақты ақпарат жалпы 
қорытылған түрде, иллюстриативті материал, зерттеу әдістері туралы әртүрлі 
мәліметтер, зерттеу нәтижелері мен оларды қолдану мүмкіндіктері жазылады. 
Реферат-түйіндеме берілген тақырыптың тек негізгі ережелерінен тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет