З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет2/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Академ
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар
 
ӘОЖ 001(075.8) 
КБЖ 72 я73 
 
ІSBN 978-601-358-029-6
© АЭжБУ, 2022 
Советова З.С., 2022 



Алғысөз 
 
Қазіргі таңда барлық деңгейдегі білім сапасына қойылар талап күн 
сайын артып келеді. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде сапалы 
білім беру мәселесіне басымдық беріліп отыр, себебі ХХІ ғасырдың 
стратегиялық ресурсы адамның алған академиялық білімін сауатты қолдана 
білуі болып табылады. Еліміздегі жоғары оқу орындары әлемдік үлгіге 
көшумен қатар, ондағы озық білім беру мазмұнына қарай көше бастады. Осы 
тұрғыда «Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым» пәнін оқыту 
ісі қолға алына бастады. Бұл дұрыс жазуға ғана емес, жиі кезігетін плагиат 
жасау сынды жайттардың да алдын алуға септігін тигізеді. 
Еліміздің көптеген жетекші жоғары оқу орындарының ұзақ тәжірибесі 
жоғары білікті мамандарды дайындаудағы тиімді тәсілдерінің бірі 
студенттерді оқу кезеңінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болып 
табылатынын көрсетті. Бұл өз кезегінде алған білімдерін ғана емес, сонымен 
қатар оларды тереңдету мен практикалық бекіту қажеттілігін талап етеді. 
Жоғары оқу орындарында оқулықтарды оқу кезінде алынған 
мәліметтерді дәстүрлі түрде зертханалық жұмыстарды орындау барысында 
және семинар сабақтарында орындау жүзеге асырылады. Алайда осындай 
әрбір сабақтың немесе зертханалық жұмыстың жан-жақты әдістемелік 
әзірлемелері көп жағдайда студенттерден соңғы нәтиже алу үшін жұмыстың 
әдістемелік ойластырылған кезеңдерінің анағұрлым немесе аз нақты 
орындалуын талап етті. Алынған білімді практикалық бекітудің бұл түрі, 
әрине, белгілі бір нәтиже берді, бірақ студенттерден шығармашылық 
шиеленісті, алдын ала белгісіз нәтижені іздеуді талап етілмеуде, бұл білімнің 
тиімділігін төмендетеді. Сондықтан көптеген жоғары оқу орындары үшін оқу 
тапсырмаларының түрленуі, күрделенуі, оларға шығармашылық элементтерді 
енгізу тұрақты түрге айналды. Бұл студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне 
әртүрлі формада тарту мақсатына алып келді. Осыған байланысты атаулы оқу 
құралы студенттердің зерттеу жұмысына қатысуға, алдына қойылған 
шығармашылық міндеттерді шешу барысында өзінің жұмыс уақыттарын 
дұрыс ұйымдастыруға көмектесетін мәселелерді қамтиды. Ғылыми зерттеу 
негіздері және академиялық жазылым пәні зерттеу жұмысын жүйелі, дәлелді, 
сапалы жазуға негізделеді. Тек қана жазуға ғана емес, ойлауға, сыни тұрғыда 
талдау мен бағалауға және шешім қабылдауға машықтандырады. 
Оқу құралы техникалық жоғары оқу орнының барлық білім беру 
бағдарламалары тобында оқитын студенттерге арналды. Оқу құралын 
құрастырудағы басты мақсат – студенттерді зерттеу жұмыстарын (мақала, 
аңдатпа, тезис, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жоба т.б.) жазуға 
дағдыландыру.
Академиялық жұмыс жазудың өз талаптары мен ерекшеліктері бар. Осы 
арқылы студенттер өз бетінше ізденуді, ойлануды, шешім қабылдауды және 



жазба жұмысының дұрыс жазылу құрылымын, ауызша таныстырылымдар 
құрастыру дағдыларын меңгереді.
Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым пәні тезис, 
ғылыми мақала, дипломдық жобаны жазудың әдістемелік және әдіснамалық 
мәселелерін, атап айтқанда, терминологияға қойылатын талаптарды, 
библиографиялық аппаратты, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған 
материалдар жинақтау мен сипаттауды қамтиды. Ғылыми жоба жазу барысы 
шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлінеді: 1) алдын ала кезең; 2) жұмысты 
жазу мен ресімдеу; 3) жобаны қорғау. Бұл кезеңдер теориялық және 
практикалық материалдың мазмұны мен баяндау логикасын анықтайды. 
Оқу құралында ғылыми-зерттеу мәтіндерін құрудың академиялық 
сауаттылық талаптарына қойылатын стандарттарға сүйене отырып, ғылыми 
жанрдың түрлерін мазмұндық, құрылымдық, техникалық тұрғыдан 
ресімдеудің ережелері берілді. 
Ұсынылып отырған оқу құралы студенттер игерген теориялық білімді 
тәжірибелік тұрғыда қолдана алуда, сонымен қатар студенттер оқу үдерісі 
шеңберінде немесе одан тыс түрде де ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы 
арқылы да өз біліктіліктерін арттыруда көмектеседі.
Бакалавриатты бітіруші болашақ мамандарға зерттеу жұмыстарын жазу 
барысында оқу құралының көмегі тиер деген үміттеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет