З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет5/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Академ
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар
Ғылыми стильге қойылатын басты талап 
– логикалық тұрғыдан жүйелі 
жазылуы.
Сонымен қатар ғылыми стильдің де бірнеше түрі болады. Олар: 
1)
таза ғылыми стиль; 
2)
ғылыми-оқулық стилі; 
3)
ғылыми-көпшілік стилі. 
Академиялық жұмыстың тілі көпшілікке, мәселен, белгілі бір сала 
жөнінде терең білмейтін қарапайым оқырманға түсінікті болуы керек. Яғни 
студенттің зерттеу жұмысы техникалық бағытта жазылғанымен, оны арнайы 
техникалық білімі жоқ оқырман еркін түсіне алуы қажет. Сонымен, 
академиялық жазылым 
ғылыми-көпшілік стилінде
жазылады. Ал 
таза ғылыми 
стиль
немесе 
ғылыми-оқулық стилі
нақты бір ғылым саласына бағытталып
тек қана осы саланың маманына ғана түсінікті тілде жазылуы мүмкін. 
Жазуда, сөйлеуде адам ойына керекті сөз таңдағанда, олардың стильдік 
ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, публицистикалық стиль мен ғылыми 
стильдің сөздік құрамы бірдей емес: публицистикалық стильде жазылған 
газет-журнал тілі жалпы халыққа арналатындықтан, оның сөздері де жалпыға 
бірдей түсінікті болуға тиіс, ал ғылыми стиль жалпыға бірдей түсінікті ортақ 
сөздермен қатар, жеке мамандыққа тиісті сөздер де қолданылады, солардың 
ішінде әсіресе жеке ұғымды білдіретін атаулар, термин сөздер көп болады. 
Ғылыми стиль жазу арқылы танылады. Ғылыми стиль айтылатын ойдың 
анықтылығын, дәлдігін, дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей 
дәйектілігін қалыптастыруы тиіс. Ғылыми стильдегі сөздер негізінен өзінің 
бастапқы мағынасында жұмсалады. Келтірінді, ауыспалы мағынадағы сөздер 
мұнда болмайды. 
Ғылыми стильдің негізгі ерекшеліктері: 
- ой нақты, дәл, түсінікті, тұжырымды түрде беріледі; 
- терминдер, тұрақты үлгідегі сөйлемдер, сөз тіркестері қолданылады; 
- баяндауыш формалары көбінесе ауыспалы осы шақ формалы 
етістіктен немесе ырықсыз етістен жасалады. Мысалы: 
Тұйықталған электр 
тізбегінде үздіксіз зарядтар қозғалысы пайда болады; Жылу мөлшері Ленц-
Джоуль формуласымен анықталады.
Ғылыми стильдің жүйесі, ондағы сөйлем құрылымы, баяндау жүйесі 
күрделі болып келеді. Мұндағы басты ерекшеліктер – анықтама, дәлелдеме 
және формулаларға негізделуінде. 
Академиялық жазылымның мақсаты
– ғылыми стильде жазылым 
әрекетіне дағдыландыру. Демек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын жазуға 
үйретеді. Ғылыми жазылымды, яғни ғылыми стильді меңгеру үшін 
академиялық жазылымды меңгеру қажет. Сонымен, ғылыми стиль
біріншіден, 
жазба стилінің бір түрі
, екіншіден, 
логикалық оймен жазылуы 
тиіс
, үшіншіден, 
онда терминдер қолданылады



10 
Жазылым барысында автор өз ойын дәлелдермен дәйектей келіп, 
сенімді немесе толық сенімді емес екенін білдіре алады. Мәселен, егер толық 
сенімді болса, 
анық, нақты, тиіс, қажет 
т.б. сөздерді қолданады, ал аздаған 
күмәні болса, 
мүмкін, сияқты, ықтимал
деген сөздерді қолданады. Мысалы: 
«Қазіргі білім саласындағы түбегейлі реформалар үлкен өзгерістерді алып 
келуі 
мүмкін
, дегенмен осы реформалардың орынды жүзеге асырылуын ашық 
түрде қатаң қадағалау ғана оң нәтижеге жеткізетіні 
анық
».
Сонымен қатар, әдетте, академиялық жазылым барысында автор ойы 
«мен» деген жіктеу есімдігі арқылы берілмейді. Етістіктер, негізінен, ырықсыз 
етіс формасында беріледі. Мәселен, «Мен зерттеу жұмысында мына 
мәселелерді қарастырдым» деудің орнына «Зерттеу жұмысында мына 
мәселелер қарастырылды» деп жазылады. 
Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. 
Олар:
-
нақтылық; 
-
объективтілік; 
-
қисындылық. 
Ғылыми жұмыста зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып 
дәлелденуі тиіс. Ғылыми стильде жазу қалыптасқан құрылымды талап етеді. 
Шартты түрде академиялық салада ғылыми стильмен жазылған жұмыстардың 
құрылым үлгісі төмендегідей болып келеді: 
-
титул парағы; 
-
мазмұны; 
-
аңдатпа; 
-
кіріспе; 
-
әдебиеттерге шолу; 
-
зерттеу әдісі; 
-
нәтижелер (талдау); 
-
қорытынды ұсыныстар; 
-
алдағы зерттеулер; 
-
қолданылған әдебиеттер; 
-
қосымшалар. 
Дегенмен академиялық мәтін жазуда мыналарды ескерген жөн: 
-
арнайы бекітілген мәтін құрылымы жоқ; 
-
автор өзіне қолайлы құрылымды таңдай алады; 
-
терминдерді орынды қолдана білуі қажет. 
Бұл аталған ерекшеліктермен қоса, жауапкершілік ұстанымын қашанда 
естен шығармау керек. Академиялық жазылымда автор мәтінде қолданылған 
өзге авторлардың пікірлеріне сілтеме жасауға міндетті. Бұл – ғылыми 
жұмыстарға тән негізгі талаптардың бірі. Ғылыми жұмыста автор өз 
тұжырымына мысалдар келтіруге, дәлелдемелер беруге, пікір білдіруге 
міндетті. Оны сілтеме беру талаптарын сақтай отырып, дәйексөздер қолдану, 
парафраз және қорытынды жасау арқылы қолдануға болады. 


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет