12
Ғылым үшін тіл мен жазу – қаймағы алынбаған мәдени игілік.
Олжас Сүлейменов
Ғылым фантазиямен қанаттанса жеңіске жетеді.
Майкл Фарадей
Келісемін
Келіспеймін
2-тапсырма. Берілген мәтіндерді стиль түрлеріне ажыратыңыз.
1.
Тағы бірде киіз үйдің төрінде бір
топ ауыл ақсақалдары жайғасып,
баппен қымыз ішіп отыр екен. Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр.
Ол мені ымдап шақырды да, құлағыма: «Саған аталарыңа сәлем беруді
ұмытпа дегенім қайда?!» - деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден
13
шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім.
Көпшілікке қол қусырып тұрып, «Ассаламағалейкум, аталар» деп әр сөзді
қадап-қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз
етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «Уағалейкумассалам!» десті.
Содан соң
әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтады. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің
тізесін ала жайғастым. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге
кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», -
дейтін.
2. M2M технологиялары әртүрлі салаларда табысты қолданылады.
Қазіргі заманғы ақылды қалалар М2М коммуникацияны жаһандық
пайдалануды білдіреді. Әртүрлі жүйелердің өзара байланысы көптеген
пайдалы және толық автономды шешімдер жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, деректерді камерадан жол қозғалысын басқару жүйесіне беру
бағдаршам сигналын ауыстырып қосу уақытын қолданыстағы трафикке және
автомобильдерді магистральдарға бөлуге сәйкес реттеуге мүмкіндік береді.
3. Үстіміздегі жылдың 13 сәуір күні дәстүр бойынша Ғұмарбек Дәукеев
АЭжБУ тіл білімдері кафедрасының ұйымдастыруымен І курс студенттері
арасында қазақ тілінен университетішілік олимпиада болып өтті.
Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту,
әр мамандықта оқитын
дарынды және талантты студенттерді анықтау мақсатында өткізілген
білім сайысына 28 студент қатысты. Олимпиадада студенттер екі кезең
бойынша бақ сынасты.
4. Машиналық оқыту – жасанды интеллектінің бір түрі. Ол
компьютерлерге нақты бағдарламаланбай-ақ үйренуге мүмкіндік береді. Бұл
машиналық есептерді шешуге арналған әртүрлі алгоритмдер. Мәселенің
түріне байланысты машинаны оқытудың
қолайлы алгоритмін таңдауға
болады. Ол жаңа деректерге ұшыраған кезде нәтиже бере алатын
компьютерлік бағдарламаларды жасауға бағытталған.
3-тапсырма. Төменде жіктеу есімдіктерімен берілген сөйлемдерді
академиялық тұрғыда қайта жазыңыз.
1.
Мен алдағы уақытта аталған мәселені тереңірек қарастырамын.
2.
Менің ойымша, зерттеу нәтижесі мәселенің шешімін табуға мүмкіндік
береді.
3.
Біздің пайымдауымызша, Кальвин циклінің
реакциялары жарыққа
тікелей тәуелді емес.
4.
Мен зерттеу жұмысын жүргізу арқылы
кейінгі үшінші сынақ кезіндегі
екпенің тиімділігі 95 пайыз
деген тұжырым жасадым.
4-тапсырма.
Академиялық
жазылымда
мыналардың
қайсысы
қолданылатынын табыңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.