14.2 Сын-пікір
Сын-пікір
– белгілі бір еңбекке (ғылыми мақала, дипломдық жоба,
диссертация, монография) сыни бағытта жазылады. Сын-пікір жарыққа
шығатын еңбектің кемшіліктерін болдырмау мақсатында, кемшін, жетімсіз,
қате пікір айтылған тұстары көрсетіле жазылады. Сын-пікірде еңбекте
көрсетілген мәселеге байланысты әділ сын айтылады. Мұнда зерттеу
нысанының дәлдігі, зерттеу әдісі, фактілердің топтастырылуы, стилистикалық
мәліметтердің дәлдігі мен сәйкестілігі, зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы
баса көрсетіледі. Сын-пікір, ең алдымен, ғылыми негізде, сол саланың
мамандарына түсінікті тілде, салалық және салааралық терминдерді негізді
қолдана отырып жазылуы тиіс.
Сын-пікірді сала мамандарына, еңбек авторына және оқырмандарына
пайда келтіретіндей етіп, сол саланы терең білетін, жан-жақты білімді маман
жазуы тиіс. Рецензент еңбекті дәлелдей отырып, ойландырғысы келген
тұстарын тезис-антитезис арқылы баяндайды. Еңбектің ғылым саласында
алатын орны мен маңызына, еңбектің көлеміне, рецензент автордың нақты
тұжырымдарына байланысты сын-пікір береді.
Сын-пікір соңында автор нақты тұжырымдар негізінде ғылыми сауатты
қорытынды жасайды. Ғылыми еңбекке жазылған сын-пікір объективті болу
керек, себебі ғылым жолы аса жауапкершілікті қажет етеді. Мұның өзі ғылым
саласының дағдарысқа ұшырап, тұйықталмай, еркін дамуына септігін тигізеді.
5B070300 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 4-курс
студенті Сихымбай Марленнің «Емдеу-диагностика процесін басқару
бойынша шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесін әзірлеу» тақырыбындағы
дипломдық жобасына жазылған сын-пікір үлгісі берілген.
186
187
Тапсырмалар
1-тапсырма.
Жоғарыда берілген кестедегі пікір жазуда жиі
қолданылатын
тілдік
оралымдарды
пайдалана
отырып,
«АЭжБУ
Хабаршысына» жарияланған бір мақалаға пікір жазыңыз.
2-тапсырма. Берілген үлгілер бойынша дипломдық жобаңызға пікір
жазыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми жұмысты бағалаудың формалары қандай?
2. Пікір, сын-пікір туралы айтыңыз.
3. Пікірдің құрылымы қандай?
4. Ғылыми жұмысқа пікір қандай мақсатта жазылады?
5. Оң және теріс пікір дегенді қалай түсінесіз?
Біліміңізді тексеріңіз!
1. Аяқталған ғылыми еңбекке жолдама, баға ретінде ғылыми жетекші не
жазады?
а) пікір
b) сын-пікір
с) аңдатпа
d) мазмұны
е) қосымшалар
2. Пікірдің құрылымдық бөлігі дұрыс көрсетілген қатарды көрсетіңіз.
а) титул парағы, тапсырма, аңдатпа
b) кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
с) жетістіктері, кемшіліктері, ұсыныстары мен ескертулері
d) қысқартулар мен терминдер тізбесі, әдебиеттер тізімі
е) мазмұны, қосымшалар, сілтемелер
3.
Белгілі бір ғылыми еңбекке сыни бағытта жазылған пікір.
а) аңдатпа
b) пікір
с) сын-пікір
d) мазмұны
е) қосымшалар
188
4. Пікірдің кіріспе бөліміне тән тілдік оралымды көрсетіңіз.
а) жұмыс ... тақырыбына арналған
b) жұмыстың бірінші тарауында ... сөз болады
с) ... мәселесі жан-жақты талданады
d) ... деген ұсыныс айтуды жөн көрдік
е) ... жеткілікті түрде дәлелденбегенін атап көрсетеміз
5.
Пікірдің қорытынды бөліміне тән тілдік оралымды көрсетіңіз.
а) ... мәселелеріне басты назар аударылады
b) ... мәселеге қатысты тың тұжырымдар ұсынылған
с) ... қатысты ойын толық аша алмаған
d) зерттеу жұмысының маңыздылығына нұқсан келтірмейтін ескертулер
бар
е) ... қорғауға ұсынуға болады деп санаймыз
6. Пікірдің негізгі бөліміне тән тілдік оралымды көрсетіңіз.
а) ... мәселелеріне басты назар аударылады
b) зерттеу тақырыбының өзектілігі дау тудырмайды
с) ... қосымша редакциялауды талап етеді, себебі ...
d) ... кемшілігі ретінде көрсетуге болады
е) ... практикалық ұсыныстар әзірлеп, оларды сынақтан өткізген
7.
Сын-пікірді кім жазуы тиіс?
а) апелляциялық комиссия мүшелері жазуы тиіс
b) ғылыми жетекшісі жазуы тиіс
с) МАК мүшелері жазуы тиіс
d) сол саланы терең білетін, жан-жақты білімді маман жазуы тиіс
е) МАК төрағасы жазуы тиіс
8. Пікірдің қорытынды бөлімінде не жазылады?
а) еңбектің кімге арналғандығы, практикалық қолданылу аясы
b) еңбектің жазылу мақсаты
с) ғылым саласында алатын орны
d) практикалық-өндірістік қолданыс қажеттілігі
е) еңбектің өзектілігі мен жаңалығы
9. Еңбекте көрсетілген мәселеге байланысты әділ сын.
а) қосымшалар
b) пікір
с) сын-пікір
d) мазмұны
е) аңдатпа
189
10. Пікірдегі ұсыныс, ескертулерге тән тілдік оралымды көрсетіңіз.
а) зерттеу жұмысының маңыздылығына нұқсан келтірмейтін ескертулер
бар
b) ... қорғауға ұсынуға болады деп санаймыз
с) ... қатысты ойын толық аша алмаған
d) ... мәселеге қатысты тың тұжырымдар ұсынылған
е) ... мәселелеріне басты назар аударылады
Достарыңызбен бөлісу: |