Заң және заңға бағынышты актілер



Дата14.05.2020
өлшемі1,6 Mb.
#68112
Байланысты:
Заң және заңға бағынышты актілер

Инеу жоғары колледжі Пән:Мемлекет және құқық теориясының негіздері «Заң және заңға бағынышты актілер»

Курстық жұмысты орындаған: Темірбай Адина

Жоспар:

  • Заң
  • Заңға бағынышты актілер
  • Нормативтік құқықтық актілер

ЗАҢ

Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң- мемлекеттің ең басты және айрықша нормативті-құқықтық актісі. Ол қоғамның ең маңызды жақтарын және мемлекет өмірін реттейтін құқықтарды жинақтайды. Заңның түсінігін құрастыруды ерекше заң жолмысы мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданатын нормативті-құқықтық актіден бастауға болады.Ол ең жоғарғы заңдылық күшке ие және еліміздегі халықтардың мудделеріне, қажеттіліктеріне сай, маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.

ЗАҢ ТҮРЛЕРІ


ЗАҢ

КОНСТИТУЦИЯ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАР

ЖАЙ ЗАҢДАР

(КОДЕКСТЕР)

ЖАРҒЫ, ҚАУЛЫЛАР


КОНСТИТУЦИЯ

Конституция, Ата Заң —Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады.


ҚР Конституциясы

Преамбула

Бөлімдері

Жалпы ережелер

1-9 бап

Адам және азамат

10-39бап

Президент

40-48 бап

Парламент

49-63 бап

Үкімет


64-70 бап

Конституциялық кеңес

71-74 бап

Соттар және әділ сот

75-84 бап

Жергілікті мемлекеттік билік

және өзін-өзі басқару 85-89 б

Қорытынды және өтпелі



Ережелер 90-98 бап

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАР

  • Конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген және онымен байланысты мәселелерге қатысты қабылданады;
  • Конституциялық заңдар:
  • ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері туралы; ҚР-ның Тұңғыш Президенті-Елбасы туралы; ҚР-ның Президенті туралы; ҚР-ндағы сайлау туралы; Республикалық референдум туралы; ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы; ҚР-ның туралы; ҚР-ның Үкіметі туралы; ҚР-ның Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы;

ЖАЙ ЗАҢДАР(КОДЕКСТЕР)

Жай заңдар– бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері.Бұл кодекстер. Кодекс – қоғам өмірінің негізгі аясында әрекет жасайтын, көп таралған кодификациялық актілердің құқықтық тәртіптілікті талап ететін түрі.

ЖАРҒЫЛАР, ҚАУЛЫЛАР

Жарғы, қаулылар- бұл кодификацияланған арнайы әрекеттегі актілер, олар тек заң шығарушылармен ғана шығарылады. Жалпы әскери жарғы, қарулы күштердегі әрекет жасайтын құқық нормасы.

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

  • Нормативтік құқықтық акт – құқық нормасынан тұратын мемлекеттің құқықшығармашылық актісі. Бұл құқық нысаны әлемінде негізгі қолданылатын, басқа қайнар көздердің алдында басымдылыққа иелердің бірі. Нормативтік- құқықтық акт–әлемнің барлық құқықтық жүйесінде басымдылық танытатын құқықтың қайнар көзі.

Нормативтік- құқықтық актілер:  

Нормативтік- құқықтық актілер:  

• дифференцинделген, өйткені мемлекет механизмі, заңдық актілерді шығарумен жүзеге асырылатын, белгілі құқықшығармашылық құзіреттері мен маңызды көлемді басқа қызметтері бар тармақталған құрылым болып табылады;

• сатыланған, (мемлекет Конституциясы бас рөлде болғанда), не бұл жүйе түрлі ұлы заңдық актінің күші негізінде құрылады, оның нәтижесінде төменгі тұрған құқықтың қайнар көздері жоғары тұрғандарға қатысты тәуелді болады және оларға қайшы келмеуі керек. Көрсетілгендерден байқайтынымыз, кезкелген алдыңғы қатарлы мемлекеттерде құқықтың қайнар көздері реттелген, бірақ сонымен қатар олар қатаң жүйе құруы екіталай, әсіресе заңға бағынышты құқықшығармашылық актілері, құқықтық әдет ғұрыптар және прецеденттер. Бәрінен бұрын бұл белгілі бір құқықтық тәртіпті орнататын нормативтік және өзге заңдық актілердің жиынтығы.


Нормативтік құқықтық актілер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет