Меңгерген білім дағдыларын қайталау, бекіту. Сөздер мен сөйлемдерді түсінуді және қолдануды үйрету. Есту, тілдік және артикуляциялық аппаратты, яғни сөзді анық, дұрыс айта білу дағдыларын дамыту. Мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
1
61
«Не? Кім? Қайда?»
Өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін тиянақтау. Сұрақ қоюға және сұраққа толық сөйлеммен жауап беруге жаттықтыру. Ойлау, ауызекі сөйлеу белсенділігін арттыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Білімпаздыққа тәрбиелеу.
1
62
«Жайлауда»
Жайлау туралы түсінік беру, қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Тақпақ жаттау үйрету. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру. Туғанжердіңтабиғатыныңсұлулығынкөребілугетәрбиелеу.
1
63
«Киіз үй»
Киіз үй жабдықтарының қазақша атауларымен таныстыру. Киіз үйі оның ішіндегі кейбір заттар туралы сөздерді айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Сурет туралы педагогтің үлгісі бойынша шағын мәтін құрастыруды дағдыландыру. Ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.