- бұрыштардың қасиеттерін біледі және қолдану;
- кесінділердің қасиеттерін біледі және қолдану;
- сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамаларын білуі, оларды анықтай және кескіндей алу;
- вертикаль және сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін қолдану.
Бағалау критерийлері
- Бұрыштар мен кесінділерді өлшеу аксиомаларын тұжырымдайды
- Кесінді бөліктерінің ұзындықтары бойынша тұтас кесінді ұзындығын табуға есептер шығарады
- Тұтас бұрыштың градустық өлшемі және бұрышты бөлу шарты бойынша бұрыш бөліктерінің өлшемін табуға есептер шығарады
- Есеп шығаруда кесінділерді салу аксиомаларын қолданады
- Есеп шығаруда бұрыштарды салу аксиомаларын қолданады
- Сыбайлас және вертикаль бұрыштарын ажыратады
- Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамасы мен қасиеттерін қолданады
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
- фигуралардың өзара орналасуын суреттейді;
- сызбаның салынуын түсіндіреді;
- есептердің шешу жолын (шешімдерін) түсіндіреді
Пәнге тән лексика мен терминология: - бұрыштардың түрлері, сүйір бұрыш, доғал бұрыш, жазыңқы бұрыш, тік бұрыш;
- вертикаль бұрыштар, сыбайлас бұрыштар;
- бұрыштардың градустық өлшемі;
- градус, минут, секунд;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер кесінділер/бұрыштар тең;
- егер екі фигура бір-біріне беттессе, онда фигуралар тең болады;
- түзу қандай болса да... ;
- ... нүктесі ... түзуіне тиісті;
- жазыңқы бұрыштың 1/180 бөлігі
Саралау түрі
Күрделендіру, ҚБ
Құндылықтар
Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылығын, жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылығын, жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.