Сергіту сәті: «Бункер» ойыны Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда, білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Жүргізілу барысы: 10 оқушыны ортаға дөңгелек үстелге шақырып, қолдарына парақша таратып, сол парақ бойынша өзін бункерден шығу жолдарын қарастыру қажет.
Шарты: Бункер жер астында орналасқан. Бункерден тек 4 адам ғана шығады.
5–тапсырма. «Ойлан, бөліс, талқыла!» әдісіоқушыларға прессконференция түрінде ортақ етіп сұрақтар қойылады, әрбір қойылған сұраққа нақты әрі ойланып жауап береді. (6 –тапсырма.37-бет) 1. Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін?
2. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
3. «Мамандық - өмір таңдауы» дегенді қалай түсінесің?
4. Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген мамандық туралы сөзін қалай түсінесің?
5. Болашақ мамандықты таңдауда кіммен ақылдасар едің?
Қалыптасатын дағды:ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, проблеманы шешеді, шешім қабылдау, креативтілік.