Сан аралықтарының бірігуі А және В сан аралықтарының кем дегенде біреуіне тиісті сандардан ғана тұратын АUВ аралығын А және В сан аралықтарының бірігуі деп атайды.
Мысал. [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарының бірігуін табайық.
Шешуі. Координаталық түзуде [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарын кескіндейік.
[ - 2; 11] аралығындағы сандар жиыны [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарының біреуіне немесе осы сандар аралықтарының екеуіне де тиісті. Демек, [ - 2; 11] сан аралығы [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарының бірігуі болып табылады.
Жазылуы: [ - 2; 7] U[ 4; 11] = =[ - 2; 11]
Жауабы: [ - 2; 11]
Сан аралықтарының бірігуі әрқашанда сан аралығы бола бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |