Сан аралықтарының қиылысуын (бірігуін) табу үшін: 1. Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеу керек; 2. Берілген сан аралықтарының барлығына (кем дегенде біреуіне) тиісті сандар жиынының аралығын табу керек; 3.Сан аралықтарының қиылысуын (бірігуін) сан аралықтарының белгіленуімен жазу керек.
Есептер шығару
№925(ауызша)
1) [-8;3] ең үлкен бүтін сан 3
2) (-7;0) ең үлкен бүтін сан -1
3) (- ∞; -4] ең үлкен бүтін сан -4
4) [-1;19] ең үлкен бүтін сан 19
Оқулықпен жұмыс №926, №927, №930
Координаталық түзуді пайдаланып, сан аралықтарының бірігуін не қиылысуын табыңдар
1) (-12;8] U [5;11)
2) (-∞; -3) U [-5;4)
3) [2; +∞) U (7; +∞)
4) (-2; 3] U [6;10)
5) [-7; -1] U [-3; 7]
6) (-∞;1) U (-4;10)
7) (-15;3] ∩ [-8; 5)
8) (-8; +∞) ∩ (2;+∞)
|