Жоламанова Анаргуль Серикбаевна. Б.Сүлейменов атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,Бегімбет селосы. Байланыс телефоны: 87134928122; 87776965044;
Жұптық тапсырма.Үй тапсырмаларын бір-біріне үйретіп, түсіну үшін өз тобыңда көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.
Ақпарат термині туралы не білесіңдер?
Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?
Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?
Ақпараттың түрлеріне жеке жеке тоқталыңдар?
Ақпараттың түрлеріне мысал келтір.
Түрлі-түсті доп, қоржын
«Палитра» және «Пиксель» мәтіндері жазылған парақ
Таратпа материалдар
Сабақтыңортасы 2 мин
«Мәтінмен жұмыс» әдісі
Топтық жұмыс
10 мин.
«Сергіту сәті»
2 мин.
«Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі
/компьютердегі тәжірибелік жұмыс/.
13 мин.
«Бір сөйлемдік қорытынды» әдісі
3 мин.
«Миға шабуыл» әдісі Неге сендердің кітаптарыңда суреттер көбірек бейнеленген?
Графика дегенде көздеріңе не елестейді?
Жалпы сыныппен сұрақтарды талқыға саламыз.
«Мәтінмен жұмыс» әдісі
Бұл әдіс бойынша І топқа «Графика және компьютерлік графика түрлері»
деген тақырыпқа мәтін беріледі. ІІ топқа «Растрлық редакторда кескінді құру, сақтау, ашу және өңдеу тәсілдері» деген тақырыпқа мәтін беріледі. Осы тақырыптарды топтар ауызша қорғайды.
Талқыланған мәтінді өз тобында талдайды, мазмұндайды.
І топқа «Графика және компьютерлік графика түрлері»
Адам өмірінде суреттің орны ерекше. Бұрынғы уақытта жазуды білмейтіндер сурет арқылы өз өмірлері туралы жеткізетін болған. Сурет арқылы ең қиын деген деректің өзін оңай игеруге, яғни оңай қабылдауға болады. Ал информатика пәніндегі сурет бұл компьютерлік графика. Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «сурет саламын деген мағынаны білдіреді. Графика дегеніміз сызба құралдарының көмегімен жасалған сурет. Ал графикалық редактор дегеніміз графикалық кескіндерді құруға немесе өзгертуге арналған программа. Компьютерлік графика әртүрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипикацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Компьютерлік графика екі өлшемді және үш өлшемді графика болып бөлінеді. Екі өлшемді графика растрлық графика, векторлық графика, фрактальдық графика болып бөлінеді. Үш өлшемді графикаға 3D графика жатады.
ІІ топқа «Растрлық редакторда кескінді құру, сақтау, ашу және өңдеу тәсілдері»
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Paint программасы растрлық суреттерді құру және өңдеу үшін ұсынылатын растрлық редактор болып табылады. Редактор күрделі және тартымды суреттер, диаграммалар, сызбаларды жасауға мүмкіндік береді. Біз растрлық кескіндерді өңдеу үшін Paint графикалық редакторын қолданамыз. Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) бұл растрлық нүктелерден тұратын бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор. Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмаларын шертіп тағы да 10 түс қосуға болады. Сонымен қатар өзгертетін бейнелерді сканерден, фотоаппараттан, камерадан алып ішіне өзгеріс енгізуімізге болды. Paint редакторының кеңейтімі . bmp. Компьютер миллиондаған түспен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Түстің дәл мәнін ондағы қызыл, жасыл және сары арқылы анықтауға болады.Растрлық графиканың артықшылығы әр нүкте бір-біріне тәуелсіз. Бейнелік ақпаратты енгізудің техникалық түрде іске асырылуы. Фотомүмкіндігінің кеңдігі. Растрлық графиканың кемшілігі растрлық бейнені бұруға, еңкейтуге болмайды. Бейнені үлкейтіп анықтап көруге болмайды. Бейнені үлкейткенде файлдың көлемі үлкейіп кетеді.
Постер қорғайды.
Дескриптор
Графика және компьютерлік графика, пиксель ұғымымен танысады.
Өзгертетін бейнелерді қайдан алуға болатындығын біледі.
үйрендім ,қызықтым, есте сақтадым
“Менің баспалдағым” /оқушылардың өзін бағалауы /
Миыңның суретін сал. Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.
Үй тапсырмасын беру
1 мин
Ақпарат және оны өңдеу тақырыбын оқып келу.
Саралау – Сізқандайтәсілменкөбірекқолдаукөрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандайтапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сізоқушылардыңматериалдыигерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлапотырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасынсақтау
Cыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша тапсырманы орындауда қабілеті төмен оқушыларға нақты көмек беріледі. "Жас тілші" әдісімен жалпы оқушыларды қамтып үй тапсырмасы сұралады. «Мәтінмен жұмыс» әдісі бойынша
топтық тапсырмалар орындалады. «Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі
бойынша қабілетті оқушыларға ізденісті талап ететін тапсырма қарастырылды. «Бір сөйлемдік қорытынды» әдісі бойынша жеке жұмыс ретінде оқушыларға тапсырмалар берілді.
Сабақты «Басбармақ» әдісімен сабақты қорытындылап, «Күн шуағы» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.
Дескриптор бойынша өзін-өзі бағалауы.
Мадақтау
Әр оқушының іс-әрекеті сырттай бақылауға алынып, оқушы білімдері бас бармақ тәсілі арқылы бағаланады.
Көршісіне тілек айту арқылы психологиялық ахуал тудыру
Оқушылардың компьютер алдында отыру ережесін сақтауын қадағалау.
Оқушылардың орнынан тұрып сергіту жаттығуын жасауын ұйымдастыру.
Белсенді топтық және компьютерде жеке жұмыс түрлерін қолдану.
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері, ағылшын тілі, орыс тілі, музыка
Сабақ бойынша рефлексия Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?
Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?