Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар:
Заң психологиясы – психологиялық заңдылықтар мен психологиялық білімдердің заңгерлік әрекет пен құқықтық реттеудің барысындағы көрінуі мен қолдануын зерттейді. Заң психологиясы күрделі де көп жақтылы болашақ мамандарды құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған.
Сұрақтары: 1. Заң психологиясының ғылыми зерттеу обьектісі мен пәннің жалпы мазмұнына түсінік.
2. Заң психологиясының ғылыми зерттеу обьектісі.
3. Заң психологиясының методологиялық негізі.
4. Заң психологиясы салаларының өзіндік ерекшеліктері.
Әдебиеттер: № 2 Семинар тақырыбы: Заң психологиясы пәнінің даму тарихы Мақсаты: Заң психологиясы ғылымының қалыптасып дамуы мен құрылымдық ерекшеліктерін ашу. Әділеттілік пен құқықтылық туралы жалпы адамзаттық түсініктерді қалыптастырудың маңызы