«Заң психологиясы» пәнінен семинар сабақтарының тақырыптары
Семинар сабақтарын орындауға әдістемелік нұсқау
Семинар әдебиеттерден, дәрістерден жинақталған білімдер негізінде студенттердің сенімін, ой қорытындыларын қалыптастыру формасы. Егер дәріс сабақтарында жетеші рольді оқытушы атқарса, семинарда жетекші рольді студенттер атқарады. Семинардың күрделілігі: студенттердің жетекші роль атқару үшін қажетті мүмкіндіктер мен қабілеттерін қалыптастыратын жағдайлар мен шараларды жасау. Семинардың формалары негізгі міндеттеріне қарай айқындалады. Семинар-практикалық сабақ зоопсихология пәні бойынша дәріс материалдарын қайталауға және бекітуге, сонымен бірге әрбір тарау бойынша дәрісте қарастырылмайтын қосымша білімді меңгеруге бағытталған. Практикалық сабақтарда көбінесе диалог, пікірталас, әңгімеге негізделген тапсырмалар дайындалып, олар пікір-сайыс формасында шешіледі. Сонымен қатар, семинар сабақтарын ұйымдастыруда инновациялық әдістерді: дискуссия, конференция, дөңгелек үстел, кейс технологиялары,модельдеуші ойындар және т.б. оқытудың белсенді әдістерін қолдануға болады. Аталған әдістердің көмегімен ұйымдастырылған сабақтар студенттердің өзіндік пікірін қалыптастыруға, білімін тереңдетуге, өздігінен ізденуіне, қарым-қатынас жасаудың негіздерін үйренуге мүмкіндіктер туғызады.
Семинар тақырыптары белгілі жоспар бойынша құрылады. Әрбір семинар сабағының мақсат, міндеттері, қолданылатын әдебиеттер көздері көрсетіледі.
№ 1 Семинар тақырыбы: Заң психологиясы пәні мен міндеттері
Мақсаты: Заң психологиясының құрылымдық ерекшеліктеріне сараптама жасай отырып, негізгі қарастырылатын ұғымдарға студенттердің өз түсініктерін беруі көзделеді. Тақырыптың сұрақтарына дайындалғанда студенттер ұсынылған әдебиеттерді қолдануы қажет, заң психологиясының маңыздылығы жөніндегі сұрақтарына нақты мысалдар келтіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |