III. Өз мүшелік, алаяқтық, қасиеттеріне қарай мына типтерге бөлеміз: - бекітілген тип: кез-келген құндылықтарды иемдену негізінде істеленетін қылмыс. Мысалы, жасөспірім кез-келген референтті немесе формалдық емес топқа кіру үшін ұрлық істеуі арқылы қабылданады.
- дезадаптивтік немесе ассоциалды тип: микроорта шараларына бейімделенуімен сипатталады. әлеуметтік тәртіпке қарсы: үйсіз, қайыршылық өмір сүру. Көбінесе бұрын сотталғандар, тұрақты мекен-жайлары жоқтар жатады. Жұмыстары, достары, туыстары жоқ, өз тағдырына қалай болса солай қарайтындар.
- алкогольді тип: дезадаптивті типке жақын тип. Қылымысты жасаудағы мақсаты: спирттік ішімдікке қаражат табу, көбінесе алкогольдың асқынғған түрі жатады.
- ойнақы тип: Шура Балаганов («Золотой теленок») осы типтің өкілі. Істеген қылмыстық істері барысында материалдық пайдамен қатар эмоционалды көңіл-күйі ерекшеленеді.
- жанұялық тип: алаяқтық қылмыскер өз жанұясында басымды роль атқарады. Қоғам мүліктерін тоңаушылар мен параалушылар арасында сирек кездеседі. Қылмыстық әрекетті балалары, күйеуі ең жақындары материалдық жағдайларын жақсарту үшін істейді.
Кез-келген қылмыстық топ әлеуметтік кішігірім топтың түріне жатады. Бұндай шағын топ мүшелерінің ортақ белгідері, мақсаты, қызығушылықтары қылмыстық әрекеттердегі белсенділіктері. Қылымыстық әрекет барысындағы өте ынтымақшыл, шыншыл қылмыстық шеберліктерін бірге атқарады. Біртіндеп қызмет жұмыстарын өзара бөлісу басталады. Қалыптасқан қылмыстық топтар қазіргі криминологияда бірнеше типтерге бөлінеді:
Қарапайым ұйымдасқан топтар – екі не төрт адамнан тұрады. Ұзақ уақыт көздеген, қылмыстық мақсаттары бар ынтымақтастығы бар тұрақты топ болғанымен күрделі құрлымы қатаң тәртібі мен лидері жоқ. Қылмыстық тәсілдері үнемі бірдей әбден ойластырылған. Шешімді бірлесіп қабылдайды, бірлесіп істейді: ұрылар, тоңаушылар, көз бояушылар, пәтер тоңаушылар, жас жетпеген жасөспірімдер жатады. Бұл топтың топтық қылмыстық әрекетінің мерзімі үш жылдаң аспайды.
Құрлымдық (күрделі) ұйымдасқан топ- қарапайым түріне қарағанда өзінің тұрақтылығымен сипаттталады. 5-10 немесе одан да көп адамдардан тұрады. Қылмыстық әрекеттері үзіліссіз: зат- мүлік тонаушылар, зарлаушылар. Анықталған ортақ мақсаттары жалғыз адамға «лидерге» бағынушулық талап етеді. «Лидер» немесе «главарь» қылмыстық топтың бағытын, қылмысты жоспарлау, даярлану, әркімнің атқаратын қызметін анықтайды. Бұл топтың мүшелері ерекшеленген идеяларды, қалыптасқан қылмыстық дәстүрлерді, сенімдерді, мақсатқа жетудегі жалпы криминалдық әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады. Сондай-ақ басқа да қылмыстық топтармен тығыз байланыс жасайды: Жалған құжат жасаушылармен, техникалық жұмысшылармен, ұрланған заттарды сатып алушылармен. Автомобильдерді, пәтерлерді шеберлікпен тонайды, ұрлықты, тонауды, ұруды, рэкеттік істерді кәсіптік шеберлікпен орындайды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар- бірнеше қылмыстық топтардан тұрады. Мысалы: Москва пен Подмосквьедегі Солнцевская, люберетская, долгопруденская топтары 300-500 дейін белсенді мүшелері бар. Қылмыстық әрекетті орындаудағы тәсілдеріне қарай екіге бөлінеді:
команда (бригада)- өздерінің жергілікті тұрақты территориялық белгілеріне қарай бөлінеді, мысалы: заря, жоламан т.б.
община- көбінесе сырттан келген, жергілікті жердің тұрғындары емес (Закавказьеден, Азербайджан,шешен, грузин, дагестан) келген адамдардан. Кейбір лидерлері, қажетті капиталды жинағаннан кейін «отмывание» әрекетіне көшеді. Коммерциялық құрлымдарды, банктерде директор немесе гинеральдық жетекші қызметкері болады.
Бандиттік (құрылым) ұйымдар- қоғамдық, мемлекеттік мекемелерде, жеке адамдарға басымдылық көрсетуге ұйымдасқан қарақшылық топ. Басқа ұйымдарға қарағанда айқын түрде қарулы басқыншылық жасайды. Құрамында он адамнан аспайды. «Главарьға» қатаң бағыну мен тәртіп ережелерін сақтаумен ерекшеленеді. Жәбірлеуде өте қатаңдық қолданады. Қылмыстық әрекеттердің негізгі ұмтылысы: ақша, валюта, қару-жарақ, алтын, қымбат тастар, антиквариат. Қылмыстық әрекеттерінде жауыздық- зорлық әдістермен қатар өолдарынга түскендерді қинауда қатаң айуандықпен жазалайды. Қарақшылық ұйымдардың үш категориясы бар: Классикалық (қалыптасқан) банда- айқын түрде қарулы қарақшылық әрекет; Жетілген, білікті банда (специализированная)- ерекшелігі: қылмыстың бір түрін орындаудағы қылмыстық іскерлікпен дағдыны жетілдіруі, мысалы: банк, инкассатор, үлкен тонаушылар; «Заказчики» - конкуренттеріне басымдылық көрсету үшін қолданылатын қылмыс. Мысалы: «киллер», «вышибало» адамдардан тұрады. Белсенді, ширақ, конспирациялық әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген, дене бітімі дамуы жоғары.
-Қылмыстық ұйым «сообщество» - иерархиалы, тұрақты, күрделі қылмыстық ұйым және өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Материалдық базасы бар – ақшаға бәрін сатып алады;
2. Коллегиалы – басқару формасында бірнеше адам бар;
3. Неформалды тәртіп - нормасы, заңдары, дәстүрлері, жазалау жолдары бар;
4. Функцианалды- иерархиалдық жүйе – ұйымның әр мүшесінің атқаратын функциалары бөлінген:
басқару ядросы;
телохранительдері;
кассты қорғаушылар;
байланысшылар
бақылаушылар, т.б
5. Информациялық базасы – разведка, контрразведка және әртүрлі деректерді жинау.
Бүгінгі күні қылмыстық ұйымдардың бес түрі бар: Лжепредприниматель – заңсыз кредиттер алу, мекемелерінің «жалған» банкрот ұшырауында жалған құжатар қолдану. «Гангстерлер»-рэкет. Рэкеттің негізгі объектісі лжепредприниматель. Расхитительдер («госворы») немесе тонаушылар – мемлекеттік сауда сферасындағы қылмыстар, бұлар да гангстерлердің жеміне айналған. Коррупционерлер мемлекеттік қызметтегі басшылық органдарға чиновниктер, құқықтық қорғау органдарының қызметкерлері «гангстерлер» мен «лжепредпринимательдермен» байланыстағы қызметкерлер.
Координаторлар қылмыстық әлемнің («қаймақтары») элитасы, «вор в законе», «авторитет». Барлық қылмыстық ұйымдарға басшылық етумен қатар қорғаушы қызметін де атқарады.
Коориданотрлардың белсенді әрекеттерін мафия деп атаймыз. Мысалы: Сицилиялық семья моделі мафиясы; әр бір мұшенің өз міндеттері бар. «семья» мүшелерінің барлығы тең праволы «әкелерінің» тілін міндетті түрде алу керек. («Капо»). өз міндеттерін бұлжытпай орындау, қатаң орындау «әкелеріне» «капоға» ғана.
Психологиялық-криминологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша қылмыскерлердің көпшілігі қоғамнан, адамдардың адамгершілік-құндылықтардан оқшау болады. өз жанұяларынан да оқшаулану байқалады. Көбінесе қарым-қатынастық ықпалдардан қашқалақтайды. Қылмыстық тәртіптің әлеуметтік психологиялық себептерінің бірнеше аспектілері бар:
әлеуметтік тәртіп, нормаларды қабылдаудағы қиындықтар, өз тәртібін реттеу алмау
жеке бастың балалық шағында оқшаулануы, жанұы мүшелерінің өз міндеттерін дұрыс орындамауы, баланы жазалауда немесе басқа да тәрбие талаптарына әке-шешелерінің өзара келіспеушілігі.
Қоршаған ортадан, адамдардан тұрақты оқшаулану ортасына, адамдарға қатыгездікті, агрессивті қарым-қатынаспен көзқарасты қалыптастырады.
өзінің микроортасынан оқшауланған адам өзі тектес, жаныны түсінетіндерді іздейді. Ондай адамдар қоғамға қарсы, өшпенділік, қатыгедіктері ортақ микроортаға бірігеді.
Дұрыс тәрбиеленген ортадан оқшауланған адам қылмыстық тәртіптері сипатталаған микроортаға үйіпленіп, бауыр басу қасиеттері қалыптасады.
Барлық дамдардан, ортадан оқшауланып, өзіне-өзі кеткен адам басқаларға деген сүйіспеншілігін сезімдерін жоғалтады. Қылмыстық әрекеттерді оп оңай орындй алады. Мысалы, алкоголиктер, қаңғыбастар.
Жоғарыда аталғандармен қатар жеке бастың оқшаулануы, деградациялық жағдайларға түсуінің негізігі себептерінің бірі үрейлені, атап айтқанда, қорқу. Қорқақтық сезімнің болуы, адамның тәртібін, тәртіп бағытын өзгертеді. өзі қорқатын адамдардан, үрейлі сезімдерден құтылу үшін қорқақ адам өзін-өзі қорғау әрекетіне кіріседі. Үрейленудің ең жоғарғы формасы – қорқу. әсересе кішкентей кезінде әке-шешесінің баланы дұрыс қабыламауы, немқұрайлығы, ұрып-соғып жазалауы, жәбірлеуі, қорлауы. Жеке адмның психикалық оқшаулануының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлеміз:
-қобалжу реакциясының пайда болуы
-жағымсыз көңіл-күйдің үнемі болуы, тұйықтыұұа әкелуі
-көңіл-күйдің күйзелуі, қатыгездік сипаттың басым, зорлық істерге даяр, жақын болуы.
Қылмыстық үрейленудің себептері өзін-өзі қоғамда, ортада қолайсыз сезімдердің болуынан ғана емес, сондай-ақ қорғаныш сезімдерін жетілдіру мақсатында қалыптасады.
Қылмыстық тәртіптің негізінде қылмыстық мотив жатыр. Кек қайтару, өшін алу, қызғаныш сезімдерін қанағаттандыру, т.б. негізінде қылмыстық моивтер қалыптасады. кез-келген мотив қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады. Қылымыстық тәртіп негізінде бірнеше мотивтердің қатысы болуы мүмкін. Көбінесе қылмыстық тәртіпті орындауды белгілі мөлшерде түсінбеушілік сипатттын басым болуы. Криминогендік психологияның негізінде әлеуметтік қарсы әрекеттердің қалыптасуы негізінде мынандай мотивтерді ажыратамыз: