Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар: 1. Прокурор психологиясының мақсаты мен міндеттері.
2. Прокурор әрекетінің өзіндік ерекшеліктері.
3. Прокуратура органдарының басқа ұйымдармен байлынысы
№ 13 Дәріс: Алдын-ала тергеу Қылмыстық істі жүргізу.
Алдын ала тергеудің міндеттілігі.
Алдын ала тергеудің этикасы
Алдын ала тергеуді кәмелетке толғандар немесе өздерінің дене немесе ақыл-ой кемістіктеріне байланысты өздірінің қорғану құқықтарын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.
Алдын ала тергеу қылмыс жасаған ауданда (облыста) жүргізіледі. Алдын ала тергеу жедел және топтық болуы мақсатында қылмыс анықталған орын бойынша, сондай-ақ сезікті, айыпталушы адам неесе куәлардың көпшілігі тұрған жерде жүргізілуі мүмкін.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс қорғау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана жүргізіледі. Тергеуші өзі қозғаған немесе өзіне тапсырылған іс бойынша тергеуге дереу кірісуге міндетті. Істі өзінің іс жүргізуіне қабылдағаны туралы тергеуші қаулы шығарады. Егер қылмыстық істі тергеуші қозғаса және өзінің іс жүргізуіне қабылдаса, онда қылмыстық істі қозғау және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы бірыңғай қаулы жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшірмелерін тергеуші жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокуратураға жіберіледі.
Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдау үшін сотқа жіберу туралы қаулы, не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Алдын ала тергеу мерзіміне іс қозғалған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокуратураға жіберген күнге дейінгі не іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейінгі уақыт енгізіледі.
Қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адам анықталсаған іс бойынша іс жүргізу мерзімдері қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімімен шектеледі.
Тергеу тобына алдын ала тергеу жүргізетін бірнеше органның тергеушілері енгізілуі мүмкін. Мұндау топты құру туралы шешім прокурордың нұсқауы бойынша да, осы органдардың тергеу бөлімдері бастықтарының бастамашылығы бойынша да қабылдану мүмкін. Шешім тергеу бөлімдері бастықтарының бірлескен қаулысымен ресімделеді, ол осы көрсетілген талаптарды сақтай отырып шығарылады. Тергеу тобының жетекшісі қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне қабылдайды, тергеу тобының жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушілердің іс-әрекеттеріне басшылық жасайды. Тергеуші тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға заңдарда белгіленген адамдарды тарта отырып,олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің тәртібін түсіндіреді.
Алдын ала тергеу процесінде қылмыстық іс жүргіз кодексіне сәйкес қандай да бір іс жүргізу шешімін қабылдау кезінде тергеуші қаулы шығарады, онда оның жасалған орыны мен уақыты, тергеушнің аты-жөні мен лауазымы, қабылданатын шешімінің мәнісі мен негіздері қаулының осы қылмыстық іс жүргізу кодексіне негізделп шығарылатыны көрсетіледі, қаулыға тергеуші қол қояды.
Тергеу іс-әрекеттінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады. Тергеуші адамды өзіне шақырып немесе ол тұрған жерге келіп, оны сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулымен қолхат ала отырып таныстырады, оған және аталған тергеу іс-әрекетіне қатысушы өзге адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Сарапты зерттеу процесінде эксперименттік үлгілер жасау үмкін бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды. Тергеуші мұндай үлгілерді әзірлеу кезінде қатысуға құқылы, бұл өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі. Зерттеу жүргізгеннен кейін сарапты үлгілерді буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде өзінің қорытындысына қоса тігеді. Сезіктіден, айыпталушыдан сараптамалық зрттеу үшін үлгілер мәжбүрленіп алынуы мүмкін.
Алдын ала тергеуді Қылмыстық іс жүргізу кодекстің 33-бабының бірінші бөлігінде және 285-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.
Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу ол күрделі немесе оның көлемі үлкен болған жағдайда тергеушілер тобына тапсырылуы мүмкін, бұл туралы қылмыстық іс қозғау туралы қаулыда көрсетіледі немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы шешімді тергеу бөлімінің бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргізу тапсырылған барлық тергеушілер, оның ішінде топ жетекшісі – тергеуші көрсетілуі тиіс. Сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері істі тергеушілер тобының тергейтіні туралы қаулымен таныстырылуға тиіс және оларға тергеу тобының жетекшісінен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушіден бас тарту құқығы түсіндіріледі.
Тергеуші тергеу іс-әрекетеріне қатысуға заңдарда белгіленген адамдарды тарта отырып,олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің тәртібін түсіндіреді. Тергеуші тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға анықтау органының қызметкерін тартуға құқылы.