Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар:
1. Соттық психологиясының өзіндік ерекшеліктері.
2. Соттық әрекеттің негізгі мақсаты мен міндеттері.
3. Соттық әрекет этикасы мен деонтологиясы.
4. Соттық әрекеттің қағидалары.
№ 12 Дәріс: Прокурор психологиясы
Прокуратура қызметінің ерекшеліктері.
Прокуратура қызметінің ерекшеліктері.
Прокурорлық қадағалау
Прокурор сотта қылмыстық істі қарауға қатысу кезінде өз өкілеттілігін ҚР «Прокуратура туралы» Заңының, ҚР ҚК-і, ҚР ҚЕЖК-нің талаптарын басшылыққа алып жүзеге асырады.
Прокуратураның негізгі міндеті–азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау болып табылады, ал республиканың нормативті-құқықтық актілермен кепілденген. Сондықтан прокуратура туралы, оның қызметінің жазалау-айыптау бағыты туралы айтқанда, алдымен осынау әділет органының негізгі міндеттеріне назар аудару қажет. Ал мақсаты – мемлекеттік басқарудың барлық саласында заңдардың сақталуына қадағалау жолымен мемлекеттік органдар қызметінің, оның ішінде прокуратура мен сот жүйелері айқындылығын қамтамасыз ету. Прокуратура органдарының құқық қорғау қызметінің белсенділігін көтеру мақсатында прокурорлардың, әсіресе жас қызметкерлердің шеберлігі мен біліктілігін арттыруға бірінші кезекте маңыз берілуде.
Осы орайда ішкі істер органдары мен қаржы полициялары ғимараттарында орналасқан «прокурорлар бөлмесі» бірден-бір практикалық тәжірибе орталығына айналуға тиіс. Мұнда прокурорлардың көмекшілері апты бойы кезекшілікте болып, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бойынша прокурорға, жүктелген барлық кешенді міндеттерді атқарады: оқиға болған орындарға шығады; есепке алу, тіркеу тәртібін тексеруді жүзеге асырады; азаматтарды қабылдауды жүргізеді; бұлтартпау шараларын таңдау мәселелері бойынша қорытынды дайындайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес ешкім де соттың заңды үкімі күшіне енбейінше кінәлі деп табылмайды. Конституцияның бұл талабы сотқа қылмыс жасаған адамға дұрыс қылмыстық жаза қолдану жауаптылығын жүктейді. Әділетті және заңға негізделген қылмыстық жаза тағайындау қылмыспен күресуде, құқық тәртібін нығайтуда маңызды құрал болып табылады. Әділ жаза кінәлінің немесе басқа да адамдардың түзелуіне, оның қайта тәрбиеленуіне, сондай-ақ жаңа қылмыстардың алдын алуға септігін тигізері сөзсіз. Ал осындай әділ жаза тағайындау жөнінде ұсыныс білдіретін мемлекеттік айыптаушы – прокурор.
Мемлекеттік органдар жүйесінде конституциялық мәртебесі бар прокуратура органдары маңызды орын алады. Өйткені Қазақстан Республикасында соттардан басқа, құқық қорғау органдары жүйесінен тек прокуратура ғана конституциялық органдарға жатады. Оның мәртебесі Конституцияның 83,84-баптарында белгіленген. Прокуратура Республика аумағында заңдардың ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура органдарының жүйесін Қазақстан Респубилкасының Бас прокуроры басқарады.
Прокуратура органдары тәуелсіз және тек Республика Президентіне ғана есеп береді. Бас Прокурорды бес жыл мерзімге Парламент сенатының келісімімен Президент тағайындайды. Қазақстан Республикасының прокуратурасы–Қазақстан аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Президентіне есеп беретін орган.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөніндегі шаралар қолданады, Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мұддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады
Прокуратура органдары қызметінің құқықтық кепілдігі:
1. Прокурордың өз өкілеттілігі, жүзеге асыруына кедергі келтіру немесе оған шешім қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.
2. Прокуратураның талап етуі бойынша тиісті органдар мен өкілетті адамдар:
- қажетті материалдар мен мәліметтерді өтеусіз беруге;
- тексеріске қатысу және қорытынды беру үшін мамандар бөлуге міндетті.
3. Прокурордың өз құзіреті шегінде берген тапсырмасы анықтама мен тергеу органдары үшін міндетті.
4. Талап етілген ақпарат прокуратура органдарына заңдарда белгіленген нысандарда, тәртіп мен мерзімде талап беріледі.
5. Прокуратура қызметкерлерінің өз құзіретінің шегінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың үй-жайларына кедергісіз кіруге, олардың құжаттары мен материалдарын алуға, сот істерімен танысуға және оларды соттан талап етіп алдыруға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |