«Заң психологиясы» ПӘні бойынша


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет16/53
Дата06.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35630
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Жасөспірімдік қылмыстың сипаттамасы
2. Жасөспірімдік қылмыстың шығу себептері.
3. Жасөспірімдер қылмыстық әрекетінің мотивациясы
4. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетін алдын алу шаралары

9 Дәріс: Әйелдер қылмыстық әрекеті



  1. Әйелдердің қылмыс жасау себептері.

  2. Эмоционалдық тәуелділіктен құтылу.

Әйелдердің қоғамдық өмірдің үлкен алаңына шығуы, яғни, олардың көптеген қызмет аясындағы кенеттен өскен әлеуметтік белсенділігі «мемлекеттік мүлікті ұрлау», «пара алу», «тұтынушыларды алдау» т.с.с. қылмыстар санының көбеюіне әкеліп соқты. Олардың көпшілігі қоғамдық тамақтандыру, сауда-саттық, денсаулық сақтау мен білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейді. Аталған қызмет саласында жұмысшылардың негізгі санын құрай отырып, олар материалдық құндылықтарға еркін түрде қол жеткізеді. Мұндай қылмысқа әйелдер тек жанұясы мен балалары үшін барады, бірақ кейбір зерттеулер мұндай әрекеттерге ауыр материалдық жағдай немесе мұқтаждық қана емес, «менде бола берсе екен» деген құнығушылық итермелейтіні көрсетеді. Кәмелетке толмаған жас қыздардың қылмыстық әркеттері алаңдатарлық халде, олардың жасайтын қылмыстының жартысынан көбін ұрлық құрайды, сонымен қатар зорлық пен пайдакүнемдік сипаттағы, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық секілді қылмыстар салмақты орынды алып отыр. Мұнда кәмелетке толмаған қыздар жеңіл жолмен байып кетуді, әлеуметтік сатының ең жоғарғы дәрежесіне жетуді көздейді. Алайда, құқыққа қайшы әдістер арқылы мұндай мақсатқа жету ешқашан да қоғамдық қолдауды таппайды.


Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасында тәрбиеленіп жатқан бойжеткендердің құнды игіліктерге қол жеткізуі өте қиын екені баршамызға мәлім. Сондықтан да әрқашан тұрмыстық қысымда болу сезімі – оларды ұрлық пен тонау қылмысын жасауға, жезөкшелікпен айналысуға итермелейді.
Әйелдер қылмыстылығын қоғам өмірінен тыс қарастыруға болмайды, себебі бұл қылмыстылықтың себептері осы өмірдің бір бөлігін құрайды. Ер адамдарға қарағанда, әйелдер жағымсыз мән-жайлардың торына тез түсіп, өмір сүру жағдайының теріс жаққа бет бұруын көп көтере алмайды. «Адам қайғысы – заман қайғысы» деп атам қазақ тегін айтпаған, сондықтан әйел адамдарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету басты міндеттеріміздің бірі деген ойдамыз.
Нәзік жандылардың барлық жағдайларда да қолы бос болмауына байланысты туындайтын қайшылықтарға да тоқталып өту керек, яғни, бұл әйелдердің өндірістегі және үй тұрмысындағы жұмыстарының қарбалас келуі. Үйіндегі еңбегі мен өнеркәсіптегі жұмысы ресми түрде тең деп танылғанымен, сонда да соңғысы бағаланады. Сондықтан, әйелдің кәсіби қызметін атқаруы мен үйдегі және бала-шағасының алдындағы міндеттерін орындауының қарбалас, қатар келуі үнемі қайталанатын болса, бұл жағымсыз салдарға әкеліп соғуы мүмкін, яғни, әйел адам шамадан тыс жұмыс істегендіктен, ол өзін шаршаңқы сезініп, жүйке жүйесі бұзылады. Осының салдарынан отбасы мен балалары оның ашу-ызасын келтіріп, кейін ол өз жанұясын өзінің қиыншылықтары үшін кінәлай бастайды.
Сонымен қатар, әйел қылмысының себепті заңдылығын экономикалық тұрғыдан болатын тежеулерден көруге болады. Ерлерге қарағанда, әйелдердің айлық жалақысы әлі де төмен. Осы және басқа да факторлар міндетті түрде отбасы жағдайының нашарлауына алып келеді, сөйтіп бірте-бірте әйел адамның өзінің, балалары мен жақындарының тағдыры үшін ішінен қобалжи бастауы, мазасыздануы байқалады. Ал мұның өзі қылмысты тудыратын жайға айналуы мүмкін.
Қылмыстық әрекеттердің себеп-салдары жөнінде ғалымдар әралуан пікірде. М.Н.Гернеттің көптеген еңбектерінде ер адамдар қылмысы мен әйел қылмысының арасындағы өзгешеліктерге көңіл бөлінген. Оның айтуы бойынша, неғұрлым әйелдің жағдайы ерлердің жағдайынан төмен болып өзгешеленетін болса, соғұрлым әйел қылмысы көбірек болады, ал егер қылмыс мөлшері тепе-теңдікте болса, мұндай қоғамға қайшы құбылыстың саны азаяды. Ал, Ломброзоның пікірінше, әйел ағзасының даму дәрежесі ер адамға қарағанда төмен болғандықтан, әйелдер қылмыс жасауға бейімдірек болады деген. Ломброзоның ізбасарының бірі П.Н. Тарновская да адамның қылмыс жасауы биологиялық ауытқуларға байланысты деген тұжырымдарын қолдаған. Бірақ кейін өмір сүру жағдайының нашарлығы, нашар үлгі мен сапасыз тәлім-тәрбие деген себепті мән- жайларды жоғары бағалаған.
XX ғасырдың басында басып шығарылған көптеген әдебиеттерде қылмыс түрлері мен әйел жасының арақатынасы жөніндегі мәліметтерді атап көрсететін болсақ, бұрын 18-21 жас аралығындағы қыз-келіншектер ұрлықтың жай және сараланған түрін, ысырап етушілікті, алдап арбауды жиі жасаған, 30-40 жас аралығындағылар жеңіл және ауыр дене жарақатын келтірумен ұштасқан қылмыстарды, бөтеннің мүлкін қасақана түрде жою және т.с.с. қылмыстарды істеген. Ал елу жастың айналасындағылардың көбі жеңгетайлықпен айналысқан. Дегенмен де, заман өзгерген сайын қоғамдағы заң мен тәртіп те өзгеретіні анық. Бұған дәлел, әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігі мен мемлекеттік қызметке араласа бастауы себеп болған.
Осыған сәйкес, әйелдердің пайкүнемдік мақсатпен жасалатын қылмыстарын зерттеп өткен В.А.Серебрякованың пікірімен келіспеуге болмайды. Оның пайымдауынша, қылмыстылықты жыныс бойынша ажыратқан кезде ер адамдар мен әйелдердің әрекеттерін айқындайтын, оларға әсер ететін әлеуеттік факторларға терең түрде көңіл бөлу керек. «Себебі, ер адам мен әйел формальді түрде тең құқықты болғанымен, әйел жағдайында уақыт таразысына орай белгілі бір ерекшеліктер байқалады. Ең алдымен әйел адамның көбінесе өндіріске, тұрмысқа берілгендігі, ер адамдармен салыстырғанда әйел адамның біліктілігін жоғарылату деңгейінің төмендігі т.с.с. Аталған мән-жайлар әйел адамның белсенділік дәрежесін анықтайды, олар әйелдің мінез-құлқына, сонымен қатар қоғамға қарсы мінез-құлық нысандарына да әсер етеді». Әйелдер тарапынан жасалынатын кісі өлтіру қылмысына ерекше көңіл бөліну керек. П.Н. Тарновская өзінің зерттеулеріне сәйкес барлық кісі өлтіруші әйелдерді екі топқа бөлген: бірінші топқа кенеттен сезімінің оянуынан немесе қызба мінезінен кісі өлтіретін әйелдер жатқызылған, яғни, оларға жыныстық сана сезім мен ана махаббаты салдарынан, пайдакүнемдік пен қызғаншақтықтан, кек алушылық пен жек көрушіліктен қылмыс жасайтын әйелдерді жатқызамыз. Ал, екінші топқа айналасындағыны ұғыну қабілетінің жетілмегендігінен кісі өлтіретіндер, яғни, көңіл қанағатының жеткіліксіздігіне, жыныстық жағынан болатын ауытқуларға байланысты, сонымен қатар, жүйке жүйесі ауыратын әйелдер жатқызылған. Нәрестесін өлтіру қылмысы да көптен бері көпшіліктің назарын аударып жүрген мәселелердің бірі. Әдетте, өзінің жаңа туған нәрестесін өлтірген әйел ерекше психикалық жағдайда болады. Мұндай ауыр қылмысқа көбінесе отбасы мен тұрғылықты мекен-жайы жоқ, материалдық жағдайы өте төмен қыз-келіншектер барады. Алайда, жоғарыда аталған себеппен шектеліп қалуға болмайды, себебі қазіргі кезде жыныстық қатынастың орынсыз босаңсып, ашық түрде орын алуынан қалада болсын, ауылда болсын некесіз жүкті болу санының артуына әкеліп соғып отыр. Қалада аборт жасау мүмкіндігі артық болғандықтан, қалалық әйелдер абортқа жүгіну арқылы өз проблемаларын шешеді. Ал, аборт жасауға мүмкіндігі жоқ кейбір қыз-келіншектер нәрестесін өз қолымен өлтіруге дейін барады. Сондықтан, өз баласын өзі өлтірген әйелдерді қатаң түрде жазалаудан бұрын ол осы ауыр қылмысқа қалай барғанын анықтап, оны терең зерттей талдап психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет