Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қылмыскер тұлғасына сипаттама
2. Қылмыстық әрекеттегі жас ерекшеліктер
3. Қылмыстың психологиялық факторы
№ 8. Дәріс: Жасөспірімдердің қылмыстық мотивациясы
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс- әрекет мәселесі.
Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін факторлар.
Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетін алдын алу шаралары
Жасөспірімдік шақ психологиялық көптеген зерттеулерде «өтпелі кезең», «дағдарыс кезеңі», «қиын» бала ұғымдарымен сипатталады. Жасөсіпірімдердің ерекшелігі-олардың физиологиялық, дене кұрылысының, күшінің, жыныстық белгілерінің қатты дамып өзгеруінде. Өздерін ересектер санатында ұстап, ересектерден соны талап етеді. Жасөспірімдердің ересектер жолына түсуі өте күрделі қарама-қайшылықта өтетін жағдай. Жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың маңызы күннен – күнге айқындалуда.
Жасөспірімдік кезеңде балалардың өзіндік санасының қалыптасуы өзіне-өзін дәлелдеу, сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, ерік сапаларын бағалауы жүзеге асады. Өзін идеалмен байланыстыруы, өзін-өзі тәрбиелеу бағалауы жүзеге асады. Жасөспірімдердік психикалық жағдайын диагностикалау мәселесі қазіргі кезеңде психологиялық қызметінің негізгі бағыты. Диагностикалық жұмыс–баланың психикалық қызметі мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан туындайтын, адам психикасының көрінісі ізденіс аумағы.
Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі біздің қоғамымыздың соңғы жылдары көбейіп кетекен жастар арасындағы қылмыстық істер, әсіресе жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге айналды. Сонымен қатар, денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық әрекеттер санның көбею деректері де бізді алаңдатуда. Сондай–ақ, жеткіншек арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі. Психологтар кәсіби қызығушылығы кәмелетке толмаған тұлғаның өзгеру деңгейіне және оның мінез–құлық ерекшеліктерінің сипаттау мәселесіне тұрақтанған.
А.В.Филонов қайырымсыздықтың генезисін зерттей келе, мынандай қорытынды шығарды, яғни жасөспірімдердің қайырымсыздық әрекеті көп жағдайларда 11–16 жас аралығында тым қатты байқалады. Психологтардың ойынша бұндай қайырымсыздықтың, мейірімсіздіктің көрінуі көп жағдайда баланың ересектермен өзара қарым-қатынасындағы қайырымсыздықтан, әсіресе ата анасымен қарым–қатынасында туындайды. Тұлғаның балалық шақта дұрыс дамымауына көптеген ғалымдар көңіл бөлген. Әсіресе, Б.Холыст, Н.Ф.Кузнецова. Кузнецованың айтуы бойынша, ерте балалық шақтағы қарым–қатынас патологиясы аяғында бұзақылықты және күштеу мотивациясын ескертуі мүмкін.
Қылмысқа барған жасөспірімнің мотивационді-қажеттілік сферасында терең қозғалыстар байқалады, олардың әрекеттері төменгі импульсивті нұсқаулық деңгейде жүреді. Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып, «мотивсіз» қылмыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен, әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің гипертрофиялық болуымен ерекшеленеді.
Жалпы интеллектуалды дамудың жеткіліксіздігі, алдын-ала бейнелеудің қалыптаспағандығы, өзіндік рефлексияның төмен болуы – қылмыскер жасөспірімдердің негізгі айрықша ерекшелігі. Қылмыс жасаған жасөспірімнің жүріс-тұрыс механизмдерін түсіну үшін «тұлғаның типі» деген ұғымды да қарастыру керек. Тұлғалық тип дегеніміз – бағыттылық, жүріс-тұрыстың жалпы әдістерімен сипатталынатын құндылық бағдар.
Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:
-Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет құрылымдарына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |