«Заң психологиясы» ПӘні бойынша



бет23/53
Дата06.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#35630
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
Алдын ала тергудің этикасы: қылмыстық іс жүргізудің процесінің ерекше өзіне тән іс-әрекетімен тергеуге қойылатын талап-тілектері. Тергеушілер қылмыстық істі ашу үшін күдікті адамдарды тергеуге оларды бас бостандығынан айыруға құқығы бар. Тергеушінің қылмыстық іс жүргізгенде өзіне тән құпиясымен шығарған шешімдеріне жауаптылығы болу керек. Тергеушілер өздерінің іс-әрекетінде үш нормамен жұмыс істеуге міндетті.

  1. Процессуалдық норма

  2. Криминалистік норма

  3. Адамгершілік норма

Процессуалдық норма дегеніміз – тергеушілердің қандай жағдайда қалай жұмыс істейтінін бағдарлайды. Криминалистік норма дегеніміз – тергеушінің қылмыстарды іздеуіне қылмысты толық дәлелдеуіне бағдар береді. Адамгершілік норма – қылмыстық іске толық әділетті баға беруі.
Алдын ала тергеу тергеушінің кәсіби мамандығының және жауапкершілігінің сапалы екендігін көрсетеді. Тергеушілердің жұмысы ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексімен шектеледі, қылмыстық іс-әрекет процесінде заң әрқашанда тактикалық этикалық іс-әрекеттермен байланысты болу керек алдын ала тергеу кезінде конфликтілі жағдайлар болуы мүмкін конфликт дегеніміз-тергеуші мен қылмыскердің бір-біріне қарама-қарсы күрделі. тергеушінің конфликтілі жағдайы болып қылмыскердің ең басты қарсыласы тергеуші әділ шешім қабылдауы керек. Тергеушілерде ең көп кездесетін қателіктер өздеріне қойылатын талаптарды орындай білмеуі және қылмыскерлердің қылмысын толық мойындата білуі. Егер іс бойынша бірнеше сезікті, айыпталушы жауапқа татылса, ал істі қысқартуға негіз сезіктілердің, айыпталушылардың бәріне бірдей істі қатысты болмаса, онда қылмыстық ізге түсу жеклеген сезіктілерге, айыптаушыларға қатысты қысқартылады.
Қаулының қарар бөлімінде істі қысқарту үшін негіз болған істі қысқарту туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау шарасын қолданбау туралы, мүлікті тұтқындауды алып тастау туралы, хат-хабарды тұтқындау, сөйлескен сөздерді тұтқындау мен жазып алу, заттай дәлелдкрдің тағдыры туралы нұсқау баяндалады.
Қылмыстық істі қозғау туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі, адамдарға іс материалдарымен танысу құқығы және істі қысқарту туралы қаулыға шағым жасау тәртібітүсіндіріледі. Осы ададардан келіп түскен өтініш бойынша оларға істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі тапсырылады. Іс прокурордың келісімімен қысқарылған жағдайда қаулыға жоғары тұрған прокурорға шағымдануға болады. Қысқартылған іс бойынша іс жүргізу мынандай жағдайларда:
- Тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысының күші жойылады.
- Сот қылмыстық істің негізсіз қысқартылуына берілген арызды ҚІЖК-гі тәртіппен қанағаттандырғанда қайта жалғастырылады.
Алдын ала тергеу деректері жария етілмеуі тиіс. Олар бұл тергеу мүддлеріне қайшы келмесе және басқа дамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушінің, айыпталушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сондай көлемде жария етулуі мүмкін. Тергеуші қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, басқа адамдарға өзінің рұқсатынсыз істегі мәліметтерге жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертіледі, бұл аталған адамдардан қолхат алынады.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс жүргізу кезінде қатаң тәртіптер сақталады. Және де міндетті түрде прокурордың қатысуымен жүргізіледі. Алдын ала тергеу Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар алдын ала тергеу кәмелетке толмағандар немесе ақыл-ой кемістігі бар адамдардың жасаған қылмыстары туралы барлық қылмыстық істер бойынша тергеушілер жүргізуі міндетті.
&&&
$$$002-013-900$Дәріс №13. Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар:
1. Алдын-ала тергеу психологиясының мақсаты мен міндеттері
2. Алдын-ала тергеу әрекетінің заңдық негіздері
3. Алдын-ала тергеу ісіне қойылатын талаптар

14 Дәріс: Ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік-психологиялық мінездемесі



  1. Қылмыстық топтардың типологиясы.

  2. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың функционалдық сипаты мен құрлымы.

  3. Қылмыстық топтардың ықтымастақтық механизмі

Қылмыскердің жеке басын зерттегенде өзіне тән қылмыстық сипатын ескере отырып, мынандай типтік ерекшеліктерге бөлеміз:


- Қоғамға қарсы бағытталған сипатына қарай: қоғамдық, құндылықтарға;
- Адамның жеке басының жағымсыз, немқұрайлы қарым-қатынас, агрессивті зорлық қылмыстар: өлтіру, зорлау, жәбірлеу.
- Жеке басының өзімшілдік ниетіне, пиғылына қарай қажеттілігін қанағааттандыруға тырысу: ұрлық істеу, алаяқтық іс, пара алу, контрабанда жасау.
- Әртүрлі әлеуметтік орындарға жеке басының немқұрайлылығы : жалпы азаматттық, кәсіптік, жанұялық, және басқа да міндеттерге байланысты жасалатын қылмыстық әрекеттер.
- Әлеуметтік құндылықтар мен өзінің міндеттеріне жеңілтектік, жауапкершіліксіз және немқұрайлы қарым – қатынас байқаусызда болатын қылмыстық істер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет