Мүлік салығы — Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды түлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі. Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады.
Мүліктердің түрлері?
Мүліктер жылжымалы және жылжымайтын болып екі бөлінеді
КІМДЕР САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ?
Мүлік салығын төлеушілер:
- Меншік, шаруашылық жүргізу оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;
- жеке кәсіпкерлер;
- салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессия алушы.
КІМДЕР САЛЫҚты төлеуден босатылады?
Төменде аталғандар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер.
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
4) діни бірлестіктер.
САЛЫҚты төлеуші анықтау тәртібі?
Егер мүлікті жалға немесе сенімді басқаруға берген жағдайда, салық төлеуші тараптардың келісуі бойынша анықталады.
Салық салу объектісі бірнеше тұлғаның үлестік меншігінде болса, онда осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады,
бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісіммен салық төлеуші бола алады.
Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы да салық төлеуші болады.
САЛЫҚ САЛУ ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ БАЗАСЫ
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісіне: Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әрі жермен тығыз байланысты ғимараттар, құрылыстар және негізгі құрал-жабдық немесе жылжымайтын мүлікке инвестиция болып танылатын ғимараттар жатады.