Күні:1.09.2020
Сынып :7 “A”
Тақырыбы: Саналы ұрпақ―жарқын болашақ
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа болшаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу. Ұлы ақын Абайдың және Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Ә-Фарабидің өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,әндерін мәнерлеп айтқызу.
Балаларға Ата Заңымыз,адам құқықтары туралы түсінік беру
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер, видеороликтер
І. Мұғалім сөзі:
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы дей, қазір сіздердің білімдеріңізді тексермекшіміз.
Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.
Ата Заң Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда -
Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
(Балалардың жауабы тыңдалады)
ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)
1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)
Конституция туралы не білесіңдер?
Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
(1937, 1978, 1993, 1995)
Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.
Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру
1 – бап
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
7 – бап
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі.
27 – бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
30-бап
1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
36 – бап
Қазақстан Республикасын қорғау –
оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
ҚР Конституциясы бойынша сұрақтары
Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады?Халық.
Қазақстан Республикасындағы басқару нысаны:Президенттік.
Қазақстан Республикасы:унитарлы мемлекет.
Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік;
Қазақстан Президенті кімдерге ант береді?халыққа
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес халық атынан сөз сөйлеуге шыға алады:Президент және Парламент
Мұғалім: Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай есімін естігенде есімізге не түседі? Соны мына күннің әрбір шапағына жазып көрсетейік.