Заңда Күш – қуатым, жалыным. Сен қорғайсың Бостандық пен құқықты, Анамдайсың елжіреген жаны күн. (Балалардың жауабы тыңдалады) ІІІ. Кім біледі?



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі37,07 Kb.
#80302
  1   2   3
Байланысты:
Саналы ұрпақ-жарқын болашақ


Күні:1.09.2020
Сынып :7 “A”
Тақырыбы: Саналы ұрпақ―жарқын болашақ
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа болшаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу. Ұлы ақын Абайдың және Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр Ә-Фарабидің өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,әндерін мәнерлеп айтқызу.
Балаларға Ата Заңымыз,адам құқықтары туралы түсінік беру
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер, видеороликтер

І. Мұғалім сөзі:


«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы дей, қазір сіздердің білімдеріңізді тексермекшіміз.



  1. Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.
    Ата Заң
    Ата Заңым,
    Алтын Заңым – ардағым,
    Аялаған адамзаттың арманын.
    Жол бастайды болашаққа жасампаз,
    Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
    Алтын Заңда –
    Парасатым, пайымым.
    Алтын Заңда -
    Күш – қуатым, жалыным.
    Сен қорғайсың
    Бостандық пен құқықты,
    Анамдайсың елжіреген жаны күн.
    (Балалардың жауабы тыңдалады)
    ІІІ. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)
    1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)
    Конституция туралы не білесіңдер?
    Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.
    Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
    Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы.
    (1937, 1978, 1993, 1995)
    Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
    Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
    Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

    Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру
    1 – бап
    Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
    7 – бап
    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі.
    27 – бап
    1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
    2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
    3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
    30-бап
    1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
    36 – бап
    Қазақстан Республикасын қорғау –
    оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.


  2. ҚР Конституциясы бойынша сұрақтары
    Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады?Халық.
    Қазақстан Республикасындағы басқару нысаны:Президенттік.
    Қазақстан Республикасы:унитарлы мемлекет.
    Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік;
    Қазақстан Президенті кімдерге ант береді?халыққа
    Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес халық атынан сөз сөйлеуге шыға алады:Президент және Парламент

Мұғалім: Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, Абай есімін естігенде есімізге не түседі? Соны мына күннің әрбір шапағына жазып көрсетейік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет