Елімізде қолма-қол валюта ағынының азаюынан қаржы көлемінің өсу қарқыны төмендеді. Сондай-ақ несиеге деген пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауы мен халық табысының азаюы тауар сатып алушылардың белсенділігін төмендетті.Екінші жағынан, девальвацияны қолданудан әуелі өнеркәсіптік өнімнің, содан соң тұтынушылар нарығындағы бағалардың өсімі баяулайтыны белгілі. Мәселен, салыстырып қарасақ: 2008 жылдың қаңтар-қарашасында инфляция 9,2 пайызды құраса, 2007 жылы қаңтар-қарашада 16,5 пайызды құраған көрінеді. Яғни, бұл процесс экономикалық тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді деген сөз.
Алайда, қазіргі жағдайда теңге бағамын төмендетуді бірте-бірте жүзеге асырған дұрыс. Себебі, девальвация экспорттың өсіміне жол ашып береді. Импорттық тауарлардың бағасы өскенімен, олардың отандық тауарлармен бәсекелестігі төмендейді. Яғни, импортқа белгілі бір дәрежеде шектеу қойылады.