Экологиялық өнегеліліктің принциптерінен мына төмендегіні атауға болады: әрбір келер ұрпақтың өткендегідей осындай биоәртүрлілікке толық құқы бар. Биоәртүрлілікті тұрақты пайдалану мен сақтауға бағытталған шаралардың 4 түрі жасалуда.
1. Ерекше мекендейтін ортаны қорғау – ұлттық саябақтар, биосфералық қорықтар мен өзге қорғалатын зоналар құру.
2. Жеке түрлер мен организм топтарын шамадан тыс пайдаланудан қорғау.
3. Түрлер ретінде ботаникалық бақтарда немесе генофондта (текқорда) гендерді банкте сақтау.
4. Қоршаған ортаның ластануын қысқарту.
Биоәртүрлілікті сақтаудың маңызды құрылымының бірі – халықаралық ұлттық бағдарламалар мен шараны жүзеге асыруға бағытталған конвенциялар жасау болып табылады.
Су ресурстарын ластануы мен таусылуын тоқтатуға бағытталған кешенді шаралар жүйесінде төмендегілер қарастырылуы тиіс: өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындарды және қала шаруашылығын экологизациялау; ақаба және табиғи суларды тазарту; жер өңдеу шараларын жүргізу.
Су ресурстарын таусылу мен ластанудан қорғаудың бірден-бір жолы - ақаба суларды су қоймалары мен өзендерге тастауды тоқтату.