Зайнанова Марварид ЖМ-716
Науқас Р, ер адам, 31 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, емханаға келесі шағымдармен қаралған: таңертеңгі уақытта қақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-38°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, салмақ тастау, жалпы әлсіздік, тез шаршау. Ауырғанына бір ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,8°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-22 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.4хІ0І2/л; Нв-100 г/л; T.K.-0,9; лейк. 9,5x109; ЭТЖ-45 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде I-II қабырға шамасында дөңгелек пішінді, мөлшері 4,0 х 4,0 см, жабық сақиналы көлеңке анықталады. Перикавитарлы аймақта аздаған ошақтар бар, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос.
1. Синдромдарды анықтаңыз.
2. Диагнозды құрастырыңыз.
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері.
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.
Синдромдары
Сақиналы көлеңкелі синдром - бұл өкпенің кавернозды және фиброзды-кавернозды туберкулезі кезінде байқалады. Кавернаның негізгі белгісі – бекітілген, сақина тәріздес көлеңкенің болуы. Каверна диаметрі 4 см аспайтын дөңгелек немесе сопақша пішінді шеттері анық емес ішкі контуры анық сыртқы контуры тегіс емес өкпе түбіріне немесе плевраға қарай бағытталған тәждің көлеңкелері байқалады. Каверна әдетте өкпенің жоғары бөліктерінде локализацияланады, ал оның төменгі бөлігінде полиморфты ошақты және фокусты көлеңкелер кейде эмфиземаның болуымен байланысты өкпе тінінің мөлдірлігінің күшейген учаскелер көрінеді.
Интоксикациялық синдром
Бронхөкпелік-плевралдық синдром
Диагнозы: Кавернозды өкпе туберкулезі
Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері.
Флюорографиялық тексеру
Туберкулиндік диагностика
GeneXpert MTB/RIF әдісі
Диаскинтест
Bactec MGIT 960
Бактериологиялық тексеру
ЖҚА
ЖЗА
Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.
Изониазид(Н0,1:0,3) таблетка
Рифампицин(R0,15) капсула
Пиразинамид(Z0,5) таблетка
Этамбутол (E 0,4) таблетка
Стрептомицин (S1,0) флакон
Науқастың салмағына қарай дәрілердің дозасы есептеліп тағайындалады.
2-4 ай HRZE / 4(7)ай HR
Қарқынды ем Жалғастыру
Мысалы, науқастың салмағы 50 кг болса:
H 0,3(1таблетка) R 0,45(3капсула) Z 1,5(3таблетка) E 0,8(2таблетка) / H 0,3(1табл.) R 0,45(3капс.)
50 кг дейін H0.3, R0.45, Z1.5, E0.8/ H0.3, R0.45
50-70кг H0.3, R0.6, Z2.0, E1.2/ H0.3, R0.6
70кг жоғары H0.4, R0.75, Z2.0, E1.6/ H0.4, R0.75
Достарыңызбен бөлісу: |