- 3 млн теңге,
- кезек күттірмейтін шығындарға 6 млн 884 мың теңге,
- барлығы 9 млн 884 мың теңге бөлінді.
2012жылы Зайсан ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюға арналған материалдық-техникалық резервтер:
- бензин 25000 литр,
- дизель отыны 5000 литр,
- 3 млн 200 мың теңгенің дәрі-дәрмегі,
- 500 мың теңгенің азық түлігі, 3080 дана қаптар дайындалған.
2011-2012 жылғы төтенше жағдайлардан қорғану, қыстың күндері қолайсыз ауа-райы кезінде далада қалған адамдарға көмек көрсету, жолдардың уақытылы тазалануы, ауданнан шығатын елді мекендердің шетіне бекет орнатылып, уақытында өз қызметтерін атқарды және т.б мәселелері қамтылған Зайсан аудандық ТЖБ жоспары жасалды, аудан әкімімен бекітілді.
Аудан көлемінде табиғи және техногендік қауіптерден халықты қорғау мақсатында аудан халқының білімін көтеру үшін Зайсан аудандық ТЖБ аудандық «Достық» газетіне 2012жылы 37 мақала жарияланып, жарық көрді. Халықтың көп жиналатын орындарында «Төтенше жағдайлар кезіндегі елді мекендерде атқарылатын іс- қимылдар» атты үгіт- насихат парақтары ілінді, нысандарда 1594 адам қамтылған 103 дәріс оқылды, аудан ұйымдарында 274 адам қамтылған 137 тәлімдеме жүргізілді, 3155 адам қамтылған 18 жиын (сход) өткізілді.
2012 жылы ШҚО ТЖД нұсқауы мен жұмыс жоспарына сәйкес, Зайсан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлік-инспекторлық құрамымен «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысының, аудандық және облыстық әкімшіліктің өкімдері мен шешімдерін жүзеге асыру, елді мекендерде өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтау мақсатында бекітілген жылдық жоспарға сай кешенді түрде белгілі бір жұмыстар атқарылды.
Барлық нысандар саны – 619
Нысандардың тәуекел тобына бөлінуіне байланысты Зайсан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі 2012 жылы ҚР Прокуратурасы сайтына жоспарлы түрде 213 нысанды тексеруді жоспарлаған. Қазіргі таңда тексерілген жалпы нысан саны –302 оның ішінде жоспар бойынша 139 нысан, жоспардан тыс 163 нысан тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша прокуратура мен жергілікті атқарушы органдарына 71 хабарлама жолданды.
2012 жылдың жоспары негізінде қаңтар айында Зайсан ауданындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері тексеріліп, өрт қауіпсіздігі өрескел орын алған 5нысан (4 дүкен, 1жабық базар) ШҚО ауданаралық экономикалық сотына жұмысын тоқтату үшін жолданды.