Өртке қарсы нормалар бойынша. Зайсан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің нормативтік-техникалық жұмысына бұйрық бойынша Зайсан аудандық ТЖБ бас маманы М.А.Қаскенов жауапты болып тағайындалған.
2012 жылы 36 АӨС қондырғысы қабылданды.
ТЖБ тарапынан қойылған өрт қауіпсіздігі кемшіліктері толық орындалған, техникалық регламент талаптарына сай жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған 16 нысан және аудан бойынша 56 тұрғын үйлер пайдалануға қабылдаудан өткізілді. Салынып жатқан нысандардың құрылысшыларымен 8 рет дәріс өткізілді, 14 азаматқа өрт қауіпсіздігі жөнінен кеңес берілді.
Зайсан ауданындағы «Шығыс-жоба» мекемесімен бірлескен құрылыс салу кезіндегі жобалауда өрт қауіпсіздігі талаптарына жол бермеу мақсатында 1 рет сабақ өткізілді.
Анықтау жұмыстары бойынша:
«Арыздарды, хабарламаларды, шағымдарды, қылмыс туралы хабарламаларды есепке алу және қарау, тіркеу, қабылдау туралы» ҚР Бас Прокурорымен бекітілген № 83 бұйрыққа сәйкес (ары қарай №26 нұсқама) ӨАЕК ашылып, жүргізілуде.
№ 83 нұсқаманың талаптарын орындау мақсатында азаматтарды қабылдайтын көрнекі жерде қадағалаушы аудан прокурорының және Төтенше жағдайлар бөлімінің кезекші қызметінің көрсетілген сенім телефондарымен қоса, азаматтарды қабылдау тәртібі, уақыты, тіркеу, өтініштерді қарау тәртібі толық жасалып, ілінген.
2012жылы ӨАЕК-да 108 хабарлама тіркеліп, төмендегідей процессуалды шешім шығарылды:
қылмыстық іс қозғаудан бас тарту- 34
әрі қарай реттеп тексеруге – 11
15-қылмыстық іс қозғаудан бас тарту құжаттары бойынша кінәлі болып табылған тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, қаулы шығарылды. Жалпы тіркелген 45 өрттен келген шығын 3898000 теңгені құрайды.