Жұмыс жетекшісі өз сыныбының қалай оқитындығын ғана айтады
Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін біздің мектеп ______________ Интернет-платформаны таңдайды. Платформаға шығу үшін _________ сілтеме бойынша өту керек Тіркеуден өту Өзіңіз туралы ақпаратты жаңарту
Бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағаты
- Балаларды оқытуға арналған өтініштер 2020 жылғы 15-24 тамыз аралығында қолжетімді байланыс құралдары арқылы ата-аналардан электронды түрде қабылданады;
- 25-27 тамыз аралығында «кезекші сыныптар» құрылады, әр топқа мұғалім бекітіледі;
- Оқу тоқсаны ішінде балаларды «кезекші сыныпқа» қабылдау топта бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады;
- Ата-аналар коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз етеді (маскалар, қолғаптар, қолды зарарсыздандыруға арналған жеке антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл сүзгіштер);
- Балаларға әлеуметтік дистанцияны сақтау қажет;
- Ата-аналар балаларын мектепке алып келеді және мектептен кейін алып кетеді (кіреберіс есікке дейін рұқсат етіледі).
«Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып)
- «Кезекші сыныптардың» толымдылығы - 15 баладан артық емес;
- Сабақтың ұзақтығы - 40 минут; 1-сыныпта – сатылы режим;
- Таза ауада, мектептің спорт алаңдарында дене шынықтыру сабақтарын өткізу;
- Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр уақытта беріледі;
- Оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
- Білім алушыларға жеке парта мен орындық бекітіледі, білім алушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе заттары және т. б.) пайдаланады.
«Кезекші сыныптардың» жұмыс істеуіне ұсынымдар
- Әлеуметтік қашықтық үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру, әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін мектеп кеңістігін (барлық кабинеттерді) барынша пайдалану;
- Білім алушылар мен педагогтердің, басқа қызметкерлердің мектеп ішіндегі тікелей байланыстарын қысқарту;
- Білім алушылар мен педагогтердің дене қызуын күн сайын өлшеу, медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
- Дене қызыуы нормадан жоғары балалар үйге қайтарылады. Егер сыныпта бала ауырып қалса, бүкіл сынып қашықтан оқытуға ауыстырылады, мектеп оқуын штаттық режимде жалғастырады;.
- Әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да ылғалды тазарту жүргізіледі;
- Мектеп асханасы мен буфеттің қызметін уақытша тоқтату;
- Зарарсыздандыруға арналған құралдардың жеткілікті болуы қажет. Аяқ киімге арналған кілемшелермен, санитайзерлермен қамтамасыз ету, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезелерді зарарсыздандыруды тұрақты жүргізу.
«Кезекші сыныптарда» оқытуды ұйымдастыру (1-4 сынып)
Достарыңызбен бөлісу: |