Ойын уақыты: 50 - 60 минут
Ойынның мүмкіншілігі: 14 - 17 жас аралығындағы балаларға арналған ойындар.
Мақсаты: 1) Оқушылардың бір - біріне көмектесу мүмкіншілігін тудыру.
2) Эмоционалдық психологиялық қатынасты қалыптастыру.
3) Өз денесін сезіну, түсіну.
4) Жүйке жүйесінен қозуын түсіру.
Ойын шарты:
• Ойынның мүмкіндігін көрсету;
• Топ ішіндегі қарым - қатынасты жетілдіру;
• Топтың өзара бір - бірімен байланысын дамыту;
• Өз шешімі мен міндетіне сенімді және тұрақты болу.
«Біздің топтың ережелері»
Мақсаты: тренингтегі негізгі жұмыстың ережелерін бекіту.
Шарты: негізгі ережелерін талдау және оны бекіту.
Нұсқау: топтағы қарым – қатынастың уақытын қадағалау. Біздің топқа лайықты, ыңғайлы ережелерін тандап оны қабылдауымыз керек. Қатысушыларға өз пікірін қосуға болады, барлық ережелер тақтаға жазылады. Әрқайсысы өз таңдауын жасайды. Қатысушыларға сөйлемді аяқтауға беріледі. Мысалы: «Осы топта қажетсіз...», «Осы топта қауіпті...», «Осы топта мүмкін...»
Ережелер:
1. Осы топта айтылған сөздер, осы жерде қалады.
2. Айтар алдында “Қол көтеру” ережесін сақтау.
3. Бір – бірімізге жылы көз - қараспен қарау.
4. Шын жүректен және дұрыс жауап беру.
5. Бір - бірімізге бөгет жасамай тыңдау.
6. Бір - бірімізді тыңдау және қабылдау.
Жаттығу 1. «Сәлем»
Әр қатысушы бір - біріне жылы және ізгі тілектер айту керек, тілекті мына сөйлеммен аяқтау керек … Бұл менің саған сәлемімім! (доп арқылы).
Жаттығу 2. «Салат»
Балалар шеңберде отырады. Шеңбердің ортасында – Жүргізуші, тақтардың саны 1 адамға жетпеуі керек. Жүргізуші: “Қазір тұрады... ” бір жемістің атауын атайды сол аталған жеміс иегері орыннан тұрып орын алмасады. Бұл: алма, апельсин, киви, банан, йогурт. Орынсыз қалған бала ойынды жалғастырады. Ойын топты ұйымшылдыққа жетелейді.