Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де көрмегенде арманда. Жаңажылың құтты болсын ағайын. 2-жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып, арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген. Жаңажылың құтты болсын ағайын. 1-жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар. 2- жүргізуші; Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 1-жүргізуші: Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңажылдық құттықтау сөзді «Шетпе лицейі» КММ – нің директоры Буданбаева Уразбиби Кудайбергеновнаға береміз. 2- жүргізуші: Ортаға...біреу үшін оңбай таяқ житін, біреу үшін сөз еститін, қонақ келсе бірінші боп қарсы алатын, жұмыс рөлін басқаратын лицей әкімшілігін ду қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
Ойын: 1-жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
2-жүргізуші:
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
1-жүргізуші: Әріптестер, білесіздер ме, біз негізі ерекше жаратылыс иесіміз. Айтыңыздаршы, кім таңғы ас ішпей жүріп бүкіл тірлікті тиянақты етіп істей алады?
- Кім жұмыс уақыты басталмаса да жұмысқа ерте бара алады?
- Кім түскі үзіліс, демалыссыз жұмыс істей алады?
- Кім түн ортасы жұрт ұйқада жатқанда компьютерге телміріп қарап отыра алады?
- Ал кім өзіне өзі сұрақ қойып, өзі жауап бере алады?
- Кім бір уақытта 30 адамның сұрағына 30 түрлі жауап тауып бере алады?
- Кім керек емес қағаздарды үнемі көтеріп жүре алады?
- Кім бүкіл бір ауылды таниды айтыңыздаршы, кім?!
Әрине, тек қана біздер, мұғалімдер!!!
2-жүргізуші:
Біздің жасаған жұмысты ешкім жасай алмайды, сондықтан біз ерекше жандармыз! Өзімізге құрмет көрсетіп, шапалақ соғып қояйық!
Сұрақтар:
Келесі құттықтау сөз кезегі ________________________________ беріледі. 1-жүргізуші: Ал, енді кішігірім ойын ойнап жіберсек...
Келесі құттықтау сөз кезегі ________________________________ беріледі. Ойын: